МАҢЫЗДЫ ХАБАР: «Уақыт көрінісі: фотосурет, карикатура, иллюстрация» номинациясына өтініш қабылдау 2023 жылғы 15 сәуірге дейін ұзартылды.
Егер Орталық Азия журналистерінің MediaCAMP Award байқауына әлі бір де бір рет қатыспасаңыз не материал ұсынып, бірақ жеңіске жетпесеңіз, онда тағы да сәт туды. Биыл, яғни 2023 жылы Internews ұйымы MediaCAMP бағдарламасы аясында қорытынды MediaCAMP Award байқауын өткізеді.
Медианың бас төрешісі – оқырман, көрермен мен тыңдарман. Мұны тренингтерімізде үнемі айтып келеміз. Әйтсе де кәсіби байқауларға міндетті түрде қатысу қажет. Өйткені әріптесріміздің берген бағасы жұмысымыз бен кәсібімізге, өз-өзімізге жаңаша қарауға жол ашады. Түптеп келгенде – бәсеке пайда болады, демек тұтас журналистика дамиды.
MediaCAMP Award байқауы алғаш ұйымдастырылған жылы барлығы 470 өтініш алдық. Бұған жету үшін көп күш жұмсадық. Ауыр пандемияға тура келген 2020 жылы – 314 материал, 2021 жылы – 690, ал былтыр – 821 материал келіп түсті. Байқасаңыз, жылдан жылға байқау көпке танылып, бәсеке күшейіп, жеңіс дәмі қуантып, қазылар алқасы ұсынылған материалдар сапасы жақсара түскенін атап өтеді.
Жұмысымызға қорытынды жасап, қазылар алқасының бағасын алатын кез жетті: Орталық Азия журналистерінің арасында өтетін MediaCAMP Award 2023 байқауына өтініш қабылдау басталды.
Байқауға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан мен Өзбекстандағы тәуелсіз не мемлекеттік медиада жарияланған материалдар қабылданады. Редакция атынан да, егер қоғамдық маңызы бар контент жасаушы автор не журналист, фотограф, видеограф болсаңыз, онда жеке өз атыңыздан да өтініш жолдауыңызға болады. Редакцияда істейтін не штаттан тыс жұмыс істейтін қызметкерлер де қатыса алады.
Байқауға Орталық Азия елдеріндегі тәуелсіз не мемлекеттік медиада 2022 жылғы 1 маусым мен 2023 жылғы 19 ақпан (қоса алғанда) аралығында жарияланған кез келген формат пен жанрдағы (қазақ, қырғыз, тәжік, түрікмен, өзбек, қарақалпақ және орыс тілдерінде) материалдар қабылданады.
Ұялмаңыз! Қорықпаңыз! Жұмысыңызды бөлісіп, жұртшылық назарына ұсынайық.
Үздік материалыңызды және қатысатын номинацияны асықпай таңдаңыз, бірақ созып жүріп алмаңыз, өйткені «Уақыт көрінісі: фотосурет, карикатура, иллюстрация» номинациясынан басқа номинацияларға өтініш қабылдау 2023 жылғы 31 наурызда аяқталады.
Өтініш қабылдау сол күні жергілікті уақыт бойынша сағат 23:59-де жабылады.
Өтініш жібермес бұрын байқау шарттарын мұқият оқыңыз. Лайық номинацияны дұрыс таңдаңыз. Егер номинацияны дұрыс таңдамасаңыз, өтінішіңізді қарастыра алмаймыз, басқа номинацияға да ауыстыра алмаймыз. MediaCAMP Award байқауының тағы басқа ережелері бар: мәселен, байқауға шетелдік БАҚ-тың журналистері қатыса алмайды. Шетелдік медиаға қандай медиа жатады? Барлық сұрақтың жауабы MediaCAMP Award 2023 байқауының ережесінде жазылған. Оқып, танысыңыз.
MediaCAMP Award 2023 байқауының ережесі
* «MediaCAMP Award» байқауы туралы жиі қоятын сұрақтарға жауап видео 2021 жылы түсірілген. «Жыл тақырыбы» номинациясы өзгерді.
Байқауға қатысу үшін:
- байқау шартымен танысып,
- ұсынатын материалыңызды таңдап,
- қай номинацияға келетінін анықтап алыңыз;
- байқауға ұсынатын әр материал бойынша бөлек өтініш толтырыңыз (әр номинацияның сілтемесі төменде берілген),
- материалыңызды байқауда қолдануға рұқсат беретін хатқа қол қойып, сканерлеп тіркеңіз. Келісім хатсыз өтініш қабылданбайды. Хат үлгісін жүктеп алыңыз.
Материалдар төмендегі аталымдар бойынша бағаланады.
- «Уақыт тынысы» (өтініш жіберу)
- «Жеңімпаздар уақыты» (өтініш жіберу)
- «Жасампаздар уақыты» (өтініш жіберу)
- «Жастар уақыты» (өтініш жіберу)
- «Жыл тақырыбы. Уақыт пен ақша» (өтініш жіберу)
- «Уақыт көрінісі: фотосурет, карикатура, иллюстрация» (өтініш жіберу)
*Видеонұсқаулық 2021 жылы түсірілген.
Байқау финалистері маусымда Алматыда өтетін Орталық Азиядағы MediaCAMP Fest фестиваліне шақырылады.
Internews таяуда инфосессия өткізіп, номинация таңдау, өтініш жіберу туралы тереңірек айтып, басқа қатысушылардың барлық сұрағына жауап береді. Мұндай кездесулердің аңдатпасын бөлек жариялаймыз.
Араға ұзақ уақыт онлайн үзіліс салып, 2022 жылы төртінші рет офлайнда өтті. 2021 жылғы байқау қалай өткенін білгіңіз келсе, сілтемені ашыңыз, ал MediaCAMP Award 2020 жеңімпаздары кім болғанын білу үшін мына сілтемеге өтіңіз, MediaCAMP Award 2019 жеңімпаздары мұнда жарияланған.
Қандай да бір қосымша нақтылайтын сұрағыңыз болса, Central-Asia-Applications@internews.org электронды поштасына (тақырыбын «MediaCAMP Award 2023 байқауы бойынша сұрақ» деп көрсетіңіз) не +7 771 701 38 38 (Telegram, WhatsApp) нөміріне хат жазыңыз.
UPD: Байқауға өтініш қабылдау мерзімі 2023 жылғы 31 наурызға дейін ұзартылды.
UPD2: МАҢЫЗДЫ ХАБАР. «Уақыт көрінісі: фотосурет, карикатура, иллюстрация» номинациясына өтініш қабылдау 2023 жылғы 15 сәуірге дейін ұзартылды.
Бұл байқау АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында өтіп жатыр.