ОқиғаларҚазақстандағы Internews командасының медиаға үндеуі

Қазақстандағы Internews командасының медиаға үндеуі

Қазақстандағы Internews командасы Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасына шекаралас аумақтағы адамдардың қаза болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Көршілес елдер таяу арада жанжалды реттей алатынына сенеміз. 

Аймақтағы медианың дамуына қолдау көрсететін команда ретінде екі елдегі әріптестерімізді, сондай-ақ шекарадағы оқиғалар туралы хабар таратып жатқан басқа елдердің журналистерін кәсіби және этика нормаларын бұзбай, өте мұқият болуға шақырамыз.

Медиа қақтығыстың өршуіне итермелемеуі, арандатушылыққа бой алдырмауы, керісінше, елдердің өзара келіссөз жүргізуіне болысып, барлық тараптың ой-пікірін айтуына жағдай жасап, бейбіт тұрғындардың мүддесін ескеріп, тезірек бейбітшілік орнауы үшін қолдан келген мүмкіндіктің барлығын жасауы керек. Адамдардың өмірі мен тағдыры журналистер жұмысының сапасына да тікелей байланысты болып отыр.

Әлеуметтік желіде жарияланған жай ғана жазба үлкен резонанс тудырып, жағдайды шиеленістіріп, қақтығысты күшейтіп жіберуі мүмкін екенін бәрі біледі. Сондықтан әлеуметтік желідегі әр сөзіңізге абай болып, шиеленісті ушықтырмауды және аудиториямен өшпенділік тілінде қарым-қатынас жасамауды сұраймыз. 

Қазақстандағы Internews командасы екі елдің медиақауымдастығын диалогқа, бірге әрекет етіп, ынтымақтасуға шақырады. Бұған қажет алаңқай ұсынуға және жағдайды реттеуге сарапшыларды таңдауға дайынбыз.

Қазақстандағы Internews командасы

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи