Оқиғалар2022 жылғы Зерттеу журналистикасы мектебінің қорытындысы

2022 жылғы Зерттеу журналистикасы мектебінің қорытындысы

17-20 мамыр аралығында Алматыда Зерттеу журналистикасы мектебі өтті. 

Қазақстандағы Internews өкілдігінің жыл сайын өтетін бұл іс-шарасы журналистер мен блогерлерді журналистиканың ең қызық жанры — журналистік зерттеу жүргізуге үйретеді. Мектепке тәжірибесі мол зерттеуші-журналистер тренер, сарапшы ретінде тартылды. Олар кәсіби қызметінің қыр-сырын айтып, тәжірибесін бөлісті. Офлайн-тренингке Орталық Азия елдерінен 20 журналист қатысты. 

Журналистік зерттеу бойынша сарапшы-медиатренер Владимир Тхорик (Молдова) зерттеу жүргізудің халықаралық тәжірибесін айтып берді. Орталық Азияда журналистік зерттеу жүргізудің қауіпсіздігі және заңнама тақырыбын Internews медиазаңгері Ольга Диденко және медиазаңгер, «Құқықтық медиа-орталық» ҚҚ тең құрылтайшысы Гүлмира Біржанова (Қазақстан) түсіндірді. ProTenge. kz жобасының негізін қалаушы Жәмила Маричева (Қазақстан) digital-зерттеу жүргізуге арналған құралдарды көрсетті. Зерттеу құжаттарымен жұмыс істеудің қыр-сырын «Курсив» баспа үйінің арнайы жобалар редакторы Татьяна Трубачева (Қазақстан) үйретті. Қатысушылар дизайнер Александра Титовадан (Қырғыз Республикасы) деректер визуализациясының мән-жайына қанықты. Сондай-ақ, Орталық Азияда журналистік зерттеу жүргізудің ерекшелегіне мысал болар бірнеше кейсті таныстырды. 

Ең өткір тақырыптар бойынша нұсқаулықтар «Жаңа репортер» сайтының «Оқып-үйрен» айдарында жарияланады.

Марат Бигалиев, Орталық Азиядағы Internews өкілдігінің директоры. Фотоны Алексей Ли түсірген

Тренингтің ашылу кешінде Орталық Азиядағы Internews өкілдігінің директоры Марат Бигалиев: 

— Көптен күткен сәт те келіп жетті. Зерттеу журналистикасына қатысқысы келетін үміткерлер қатары қалың болды. Қатысушыларды әбден елеп-екшеп, таңдап алды. Ұлттық, аймақтық, қоғамдық-саяси және іскерлік медиа өкілдері, бәрі-бәрі бар. Тәжірибелі журналистер де, жас журналистер қатысып жатыр, — деді ол. 

«Әлемде зерттеу журналистикасы салмақты мәнге ие, азаматтық қоғамның билік мен басқару институттарын бақылауы үшін тиімді форма саналады. Журналистік зерттеу — заманауи журналистикадағы ең қажет жанр. Сондай-ақ, ақпарат таратудың ең қауіпті тәсіліне жатады. Бүгінде Қазақстан Республикасында журналистік зерттеу жүргізуге болады, бірақ бәрі бірдей мұны қолға ала бермейді.

Жылдан жылға зерттеу журналистикасының өзектілігі артып келеді. Жаңа міндеттері пайда болды. БАҚ заманауи талаптарға сай болуы үшін Зерттеу журналистикасы мектебін ұйымдастырып отырмыз. Медиатренерлеріміздің жол көрсетіп, жөн сілтеуімен заманауи зерттеу журналистикасының трендтерін зерттейміз, халықаралық және жергілікті зерттеу базалары мен іздеу жүйелерін қолданып, жұмыс істеу тәсілдерін үйренеміз, қаржылық және құқықтық құжаттармен жұмыс істеу машығын жетілдіреміз».

Фотоны Алексей Ли түсіргген

«Құқықтық медиа-орталық» ҚҚ тең құрылтайшысы, медиазаңгер Гүлмира Біржанова журналистік зерттеу жүргізу кезіндегі құқықтық қауіпсіздіктің негізгі аспектілерін еске салды. Ол журналистің псевдоним қолдану құқығы «БАҚ туралы» заңда көрсетілгенін, бірақ бұл сот процесстері кезінде қорғай алмайтынын айтты. Зерттеудегі кейіпкерлердің фотосын қолдану тәртібін де түсіндірді. Қатысушылар жасырын камераны пайдаланудың заңдылығыға қатысты көп сұрақ қойды.

Владимир Тхорик, медиатренер, зерттеуші-журналист. Фотоны Алексей Ли түсірген

Зерттеуші-журналист, медиатренер Владимир Тхорик журналистік зерттеуді жағымсыз ортада марафон жүгіруге теңеді.

— Жаттығып, дайындалмасаңыз, марафон жүгіре алмайсыз, солай ма?! Демек, журналистік зерттеуге де дайындық керек. Зерттеуді қалай жүргізетініңізден бастап зерттеп, пысықтап, қолда бар мүмкіндіктерді бағамдап аласыз.

Журналистердің халықаралық стандаттарға, соның ішінде OCCRP стандарттарына сай зерттеу жүргізуге қызығушылығы сезіледі. Демек, келешекте Орталық Азияда қоғамды толғандыратын ең өткір тақырыптар бойынша резонанс тудыратын зерттеулер көбейе бермек. Демек, қоғам мәселелерді басқа қырынан зерттеген жаңалықтарды біледі. Өйткені зерттеу мақсаты — біреудің абырой-беделіне қасақана нұқсан келтіру емес, керісінше қоғам жағдайын жақсарту үшін шешімі табылуы керек өте маңызды мәселелерге билік назарын аудару. Зерттеуші журналистер — экономика, саясат, мәдениеттегі прогресстің қозғаушы күші. Олар жұмысы арқылы қоғам ашықтығын арттыруға, деректер қорының ашық болуына, жаңа инвестиция келуіне ықпал етеді. Кейде зерттеуден еш нәтиже жоқ сияқты көрінеді. Алайда шын мәнінде зерттеудің жинақталған әсері бар, — деді Владимир Тхорик. 

2022 жылғы Зерттеу журналистикасы мектебінің қатысушысы. Фотоны Алексей Ли түсірген.

ProTenge жобасының негізін қалаушы Жәмила Маличева медиатренер ретінде міндетін түсіндірді:

— Аз уақытта барлық білген-түйгенді, машығың мен тәжірибеңді үйрету мүмкін емес. Меніңше, мұндай тренингтердің негізгі міндеті — қайда қалай дамуға болатынын көрсету, мүмкіндіктер мен түрлі құралдарды таныстыру, ең бастысы — ерлік жасауға шабыттандыру. «Мұны істей алдық» деп сенемін! Питчинг өтті, енді қатысушылар жобасын жасауға аттанды. Олардан қызық жобалар күтеміз.

Бәсеке артып, бәсекелестер пайда болғанын қатты қалаймын. Күтемін. Өйткені, зерттеу журналистикасы үшін қоғам мүддесіне қызмет етеді. Егер ойға алған тақырыбым бойынша басқа біреу зерттеу жарияласа әрі мен ойламаған қырынан зерттесе, онда бұған қызыға да қызғана қараймын және қатты қуанамын. Бұл сізді шабыттандырып, тіпті қарқынды жұмыс істеуге итермелейді. Тек республикалық деңгейдегі ғана емес, жергілікті ауқымдағы да зерттеулер керек. Бұған қызығушылық жоғары, жергілікті жағдайға ықпал етеді.

2022 жылғы Зерттеу журналистикасы мектебінің қатысушысы Камила Буйневич. Фотоны Алексей Ли түсірген.

Тренинг қатысушыларының бірі — Newtimes.kz сайтының Байқоңырдағы тілшісі, журналист Камила Буйневич. Ол тренингтен алған әсерін айтып берді: 

— Мен әлеуметтік тұрмысы әлсіз отбасынан шықтым. Күйеуім ауылға алып қашты. Ерте тұрмыс құрған соң оқып, оқуға шамам келмеді. Өңірлердегі ең басты проблема — кедейшілік. Бұл ұрпақтан ұрпаққа беріліп жатыр. Бұдан шығу өте қиын. Өйткені, тек алдағы бір аптаңды ғана жоспарлап өмір сүресің, басты уайым — бүгін не ішіп-жеймін, деген сауал. Мен көп оқып, «Ауылымда неліктен кәріз жүйесі жоқ?», «Неліктен ыстық су жоқ?», «Ауламдағы сиыр неліктен қағаз жеп жүр» деп ойландым. Журналистика мен өмірдегі белсенді ұстанымым арқасында мұның себебін анықтадым. Еліміздегі, Орталық Азия мен әлемдегі теңсіздікпен күресу маңызды. Қазір негізінен Байқоңырда жұмыс істеймін. Тренингтен кейін жалпы Қызылорда облысы туралы көбірек ақпарат жазуды ойлап отырмын. Облыста қандай мәселелер бар екенін көрсеткім келеді. 

Зерттеу журналистикасына тереңірек бойлап, зерттеумен айналысқым келеді. Өйткені мұның келешегі зор. Зерттеу журналистикасы әлеуметтік-заңнамалық нормаларды қалыптастыруға алып келеді. Қылмыскерді сотқа тартып, жазалауға ықпал етеді. Зерттеу журналистикасы мектебі мен үшін өте бағалы, «менің университетім» деп айтуға да болады. Мұнда көптеген онлайн құрал-саймандарды таныстырды, деректер базасын қалай қолдануға болатынын үйретті. Қатысушылар да, тренерлер де мықты. Идеясы бар. Жанып тұр. Олармен бірге дәріс алып, оқып, зерттеу жүргізе бастайтыныма қуаныштымын. 

Бұл жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында жүзеге асады.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи