Оқиғалар«Аудитория ауқымын ұлғайтуға бағытталған сәтті жобалар» вебинары өтеді

«Аудитория ауқымын ұлғайтуға бағытталған сәтті жобалар» вебинары өтеді

Internews өкілдігі 2022 жылғы 20 қаңтар, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17:00-де, Душанбе уақытымен сағат 16:00-де ашық вебинар өткізеді. Internews кураторлары мен серіктестері вебинарда аудитория ауқымын ұлғайтуға бағытталған медиажобаларды сәтті жүзеге асыру тәжірибесін әңгімелейді.

Кездесуде медианың аудиториямен жұмыс істеуге бағытталған бастамаларына қаржы алу мүмкіндіктерін де айтамыз.

Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасының 3 жылында Қазақстан мен Тәжікстанда Internews гранттарына медиа мен қоғамдық ұйымдардың аудитория ауқымын ұлғайтуға бағытталған 20-дан астам бірлескен жобасы жүзеге асты. 

Орындалған жобалар қатарында флешмобтар, ток-шоу, ғылыми лекторий, жануарларды қорғау жобалары және ерекше жасөспірімдерге арналған іс-шаралар сериясы бар. 

Аудитория ауқымын ұлғайтуға бағытталған жобалар медианың аудиториясын көбейтіп қана қоймай, редакцияның айналасынан белсенді қауымдастық құруға көмектеседі. Сарапшы-серіктестер тауып, медиа бастамаларын монетизацияға шығарудың жаңа форматтарын жасап, тағы басқа жобаларды жүзеге асырасыз. 

Internews кураторлары мен серіктестері 20 қаңтарда ең сәтті жобаларды таныстырып, сұрақтарға жауап береді. 

Вебинар орыс тілінде өтеді, қазақ, тәжік тілдеріне синхронды аударма жасалады.

Қатысу үшін осы сілтемені ашып, тіркеліңіз

Бұл жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында жүзеге асады. 

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи