БайқауларҚазақстандағы Internews Network өкілдігі офис-менеджер/бағдарламалар ассистенті бос жұмыс орнына байқау жариялады

Қазақстандағы Internews Network өкілдігі офис-менеджер/бағдарламалар ассистенті бос жұмыс орнына байқау жариялады

дедлайн 2022 жылғы 31 қаңтарға дейін ұзартылды

Негізгі міндеттері:

  • Өкілдіктің семинарлары, фестивалдері мен тағы басқа іс-шараларының дайындығына және өткізуді ұйымдастыруға қолдау (қатысушыларға іс-шараның уақыты мен өтетін орнын хабарлау, күн тәртібінен хабардар ету, қатысушылармен коммуникация, логистика және виза бойынша қолдау, қатысушылар мен сарапшы-тренерлерге әуе билетін, қонақүйден орын брондау);
  • тоқсандық есептерге ақпарат/материалдар жинау, өңдеу және дайындау;
  • жоба есебін жүргізу мен мониторинг жасауға көмектесу;
  • есептер, хаттар және тағы басқа құжаттарды ағылшын тіліне және ағылшын тілінен аудару;
  • қажет бола қалса ауызша аударма жасауға көмектесу;
  • кеңсе жұмысын жүргізу: кеңсе тауарларына тапсырыс беру және т.б.;
  • кіріс қоңырауларына жауап беру, келушілерді қабылдау;
  • жобаларды жүзеге асыруға қажет басқа да тапсырмаларды офис-менеджер/бағдарламалар ассистентінің құзіреті аясында орындау.

Үміткерге қойылатын талаптар: 

  • Қазақстан Республикасының азаматтығы, Алматы қаласында тұрақты тұруы;
  • салалық жоғары білімі (ағылшын тілінде оқыған болса, құба-құп) және мәтін дайындау, аудару бойынша кемі 5 жыл өзіндік практикалық жұмыс;
  • қазақ тілін білуі С1 деңгейінен төмен болмауы керек (кәсіби біліктілік);
  • ағылшын тілін білуі upper-intermediate деңгейінен төмен болмауы керек;
  • тығыз уақыт шеңберінде жұмыс істеу және шұғыл тапсырмаларды тез орындау;
  • жақсы коммуникативті дағдылар, топта жұмыс істей білу, жауапкершілік деңгейінің жоғары болуы да таңдаудың негізгі критерийлеріне жатады;
  • Word, Excel компьютерлік бағдарламаларында жұмыс істеу машығы, мүмкіндігінше Powerpoint презентацияларын жасау тәжірибесі;
  • үміткерлердің барлық қабілет-шамасы тең болған жағдайда халықаралық немесе жергілікті қоғамдық және медиаұйымдарда ұқсас жұмыс тәжірибесі бар үміткерлерге басымдық беріледі.

Қысқаша мәлімхатта (бір беттен аспайтын мәтін) мотивацияңызды және Internews-те алдағы жұмыстан не күтетініңізді жазуды сұраймыз. Ағылшын тіліндегі стандартты түйіндемені (CV) және мәлімхатты 2022 жылғы 31 қаңтарға дейін tgolubeva@internews.org электронды поштасына жіберіңіз.

Internews Network – БАҚ-қа қолдау көрсететін халықаралық коммерциялық емес ұйым.

Негізгі қызмет түрлері:

  • бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына, телебағдарламалар жасауына, контент өндірісіне және жаңа медиа технологияларды танытуына жәрдемдесу;
  • шығармашылық және техникалық кадрларды кәсіптік оқыту;
  • заң тұрғысынан қолдау. 

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи