ОқиғаларАлматыда Медиасауаттылық бойынша Эдьютон 2020 өтті

Алматыда Медиасауаттылық бойынша Эдьютон 2020 өтті

Лея ханшайым, Йода шебер және 27 джедай. Ақылдылар цифрлы жұлдыздар атағын иемденіп, сұрақтары мен жауаптары үшін ерекше валюта – эдьюкоин алады. Бұл ойындар — медиа және цифрлы сауатты танытатын жобалар дайындау мен тәжірибе алмасу, жаңаны үйренуге бағытталған инновациялық семинар Эдьютонның бір бөлігі.

Медиасауат Эдьютоны Орталық Азия елдерінде бұған дейін екі рет өтті. 2019-2020 жылдары Еуропалық Одақ қаржыландыратын және Internews жүзеге асыратын «Орталық Азиядағы тұрақтылық пен бейбітшілікті нығайту» жобасы аясында ұйымдастырылды.

Эдьютон 2020 іс-шарасын АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) қаржыландыратын Орталық Азиядағы MediaCAMP бағдарламасы аясында Internews Қазақстан өкілдігі Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстан қатысушыларына арнап өткізді.

Эдьютон ашылуында USAID-тың Орталық Азия аймағындағы миссиясының директоры Кристофер Эдвардс:
— Қазір контент жасау – оңай, бірақ контент жасаудың оңай болуы жаңа қиындықтарға әкеледі. Жалған ақпарат адамдарға, олардың әрекетіне ықпал етеді. Міне, сондықтан да адамдар әбден таразылап, пайымға салып шешім қабылдауы үшін медиасауаттылық маңызды. USAID медиасауаттылық бағдарламасы арқылы контент тұтынушыларды да, медиақауымдастықтарды да қолдайды,-деді.

Эдьютон 2020 тақырыбы – интерактив, ойындар, визуализация. Адамдарға медиасауаттылық не екенін ойындар арқылы тез, оңай әрі жеңіл түсіндіруге болады. Internews Қазақстан өкілдігінің медиасауат бойынша сарапшысы, жоба жетекшісі Гүлнар Асанбаева:
— Таяуда бізге медиасауат тренері де, оқытушылары да қажет болмайды. Мақсатымыз – әркімді медиасауатты ету. Біз лектор емес, ментор болуымыз керек. Бұл үшін жаңаны үйрену қажет,-деді.


Эдьютон қатысушыларын байқау негізінде іріктеді. Қатысушылар қатарында оқытушылар, журналистер, студенттер, IT-мамандар бар. Ең бастысы – оларды медиасауаттылық мәселесі алаңдатады. Олар өздері тұратын өңірдегі адамдарды ақпарат талдауға, пайым жасап, сүзгіден өткізуге үйреткісі келеді. Украина, Беларусь, Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстаннан менторлар келіп, үйретті. Менторларға берілген тапсырма – қатысушылардың медиасауат бойынша идеяларын толыққанды жобаға айналдыруына көмектесу.


Медиасауаттылыққа үйрету сабақтарын жоспарлау, оның тиімділігін бағалау, сыни пайымды үйретудің интерактив тәсілдері, медиасауаттылықты оқытудағы ойын технологиялары, фотожурналистикадағы және әлеуметтік желілердегі манипуляцияны анықтау, және тағы басқа көптеген практикалық жаттығулар, талқылаулар, анализ жасау – мұның барлығы да Эдьютон 2020 іс-шарасының медиасауат бойынша үздік халықаралық тәжірибелерді жинақтаған бағдарламасында бар.

Эдьютон қорытындысы бойынша Қазақстан мен Тәжікстаннан үздік жобалар таңдалды. Олар MediaCAMP бағдарламасы аясында қаржылай қолдауға ие болады.

Қазақстан мен Тәжікстанның медиасауаттылық мамандарынан құралған жюри жобаларды бес негізгі критерийлерге сай бағалады:

• Мақсатты аудитория қажеттіліктері тұрғысынан өзектілігі;
• Өтініш берушінің таңдаған бағыты бойынша тәжірибесі мен біліктілігі;
• Тиянақты дизайны;
• Тұрақтылық потенциалы;
• Бюджет тиімділігі;

Жюри таңдауы

Тәжікстан
1. 8-12 жас аралығындағы балаларға жазғы оқыту бағдарламасы – жазғы демалыста оқытуға арналған «Балалар және желілер» қосымша сабақтары
2. Тәжікстанның аймақтық ЖОО студенттеріне арналған «Миг на Пике» офлайн-тренингтері

Қазақстан
1. Super Ongar — оқыту жобасы, білім беру және үйрету бағытындағы видероликтер, қазақ және орыс тілдерінде офлайн тренингтер
2. Халықаралық жоба – тақырыптық «Медиакуиздер» өткізу. «Медиакуиз» — Қазақстан мен Өзбекстанның екі қаласындағы студенттеріне арналған медиасауат бойынша интеллектуал ойындар.

Өзбекстаннан TalimMedia жобасы ең үздік деп танылды. TalimMedia – студенттерге арналған білім беру жобасы.

Эдьютон 2020 іс-шарасы АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) қолдауымен жүзеге асатын Орталық Азиядағы MediaCAMP бағдарламасы аясында өтті.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи