БайқауларЖурналистерге және сот жүйесі өкілдеріне networking

Журналистерге және сот жүйесі өкілдеріне networking

1-2 және 4-5 шілде күндері Алматыда «Соттар және БАҚ: сенімге негізделген серіктестік» атты семинар-тренинг өтеді. Іс-шараның мақсаты – журналистер мен сот жүйесі өкілдерінің өзара әріптестік орнатып, бірін-бірі түсінуіне мүмкіндік жасау.

Семинар-тренинг бағдарламасы заң терминологиясын дұрыс қолдану, сот репортаждарының ерекшеліктері, сот отырыстарынан хабар таратудағы журналистің құқықтары, сот репортаждарында мультимедиа форматтарын қолдану мүмкіндіктері туралы лекциялардан, бірлескен тимбилдингтерден, сондай-ақ, журналистер мен сот өкілдерінің уақытша қызмет алмасып, бір-бірінің қызмет рөліне кіріп көру сынды тәжірибелерден тұрады.

«Қазақстан сот журналистерінің лигасы» ҚҚ жобасы — Қазақстандағы Internews өкілдігі, Ф. Эберт қоры, Америка заңгерлері қауымдастығы, ЕҚЫҰ және ҚР Жоғарғы соты қолдауымен жүзеге асып жатыр.

Өтетін орны: «Алматы» қонақүйі, (Қабанбай батыр көш., 85)

Сағаты: 09:00-ден 18:00-ге дейін

Айта кетерлігі, 2 шілде күнгі семинардың басым бөлігі қазақ тілінде өтеді.

Семинар бағдарламасы кейін жарияланады. Жекелей лекцияларға не семинарға бастан-аяқ қатысуыңызға да болады. Екі күн бойына бізбен бірге болған азаматтар семинар соңында сертификат алады.

Журналистер мына телефон нөміріне хабарласып, тіркеле алады: +7 702 694 94 41 (Анастасия).

Жоба АҚШ халықаралық даму агенттігінің (USAID)қолдауымен Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы шеңберінде жүзеге асады.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи