ОқиғаларОрталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы бесжылдық жұмысты қорытындылады

Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы бесжылдық жұмысты қорытындылады

USAID қаржыландыратын Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасының бенефициарлары мен серіктестері 15 қыркүйекте Алматы мен Душанбе қалаларына жиналып, жобаны қорытындылады. MediaCAMP Award журналистер байқауы, MediaCAMP Fest журналистер фестивалі, контент өндірісіне гранттар, тренингтер мен Медиасауат эдьютоны — мұның барлығы жобаны аймақта белгілі еткен көптеген іс-шараның бір парасы ғана. 2018 жылғы қазанда басталған бағдарлама 2023 жылғы 30 қыркүйекте аяқталады.

USAID аймақтық миссиясы директорының орынбасары Моник Мосолф құттықтау сөзінде: «Бұл бағдарлама медиа және ақпараттық сауаттылықты дамыта отырып, азаматтардың талғампаз тұтынушы әрі контент өндіруші болуына мүмкіндік береді. Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аяқталса да аймақтағы міндеттемелеріміз өзгермейді. USAID Орталық Азияда сенімді әрі сапалы ақпараттық экожүйелер құруды қолдауын жалғастыруға ниетті», — деді.

Бес жылда MediaCAMP бағдарламасы аясында 3375 маман дайындалып, жергілікті контент өндірісіне арналған 337 жобаны қолдап, 282 азаматтық журналистен тұратын желі құрылып, БАҚ пен контент өндірушілерге арналған 1404 заңнамалық консультация берілді. Бағдарлама Қазақстан, Тәжікстан мен Өзбекстан тұрғындарының аймақтың әл-ауқаты үшін аса маңызды теңгерімді ақпараттық ортаны құруына және тұтынуына көмектесуге бағытталды. MediaCAMP түрлі білім беру және шығармашылық жобаларды, соның ішінде медиасауат туралы кітап шығаруды, мюзикл сахналауды, деректі фильм түсіру мен жаңа тәуелсіз медиа құруды және т. б. жобаларды қолдады.

«Осы бес жылда көп нәрсе өзгерді. Бәріміз де икемді боп, жаңа жағдайға бейімделе білуіміз керек. Серіктестеріміз бен бенефициарларымыздың қалай дамып, қаншалықты өскенін көріп, осы процесстің бір бөлшегі болғанымызға қуанып, мақтан тұтамыз. Бірлескен жұмысымызды жалғастыру да бізге үлкен мәртебе», — деді Орталық Азиядағы Internews өкілдігінің басшысы Марат Бигалиев.

Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аяқталса да USAID пен Internews аймақтағы жұмысын жалғастырады. Тәуелсіз БАҚ-ты қолдау және жалған ақпаратқа қарсы іс-әрекет — ұйымның негізгі мақсатының бірі боп қала береді. Қандай да бір жаңа мүмкіндіктер пайда болғанынан сәтінде  хабардар болу үшін сайтымыз бен парақшалардағы хабарламаларды қарай жүріңіз. 

Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасын АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) қаржыландырып, Internews жүзеге асырды. Бағдарлама Орталық Азияда теңдестірілген ақпараттық ортаны дамытуға бағытталып, жастар мен егде буынның идеялар алмасуына, түрлі пікірлер мен көзқарастарға ашықтығын дамытуға, мүмкіндігінше көп азаматты қоғам өміріне тартуға көмектеседі. 

USAID – әлемдегі маңдайалды халықаралық даму агенттігі және орнықты дамуға бастайтын қозғаушы күш. Орталық Азиядағы USAID сайтында және Facebook-тегі Орталық Азиядағы USAID парақшасында көбірек ақпарат бар.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи