дедлайн 2022 жылғы 31 қаңтарға дейін ұзартылды
Негізгі міндеттері:
- Өкілдіктің семинарлары, фестивалдері мен тағы басқа іс-шараларының дайындығына және өткізуді ұйымдастыруға қолдау (қатысушыларға іс-шараның уақыты мен өтетін орнын хабарлау, күн тәртібінен хабардар ету, қатысушылармен коммуникация, логистика және виза бойынша қолдау, қатысушылар мен сарапшы-тренерлерге әуе билетін, қонақүйден орын брондау);
- тоқсандық есептерге ақпарат/материалдар жинау, өңдеу және дайындау;
- жоба есебін жүргізу мен мониторинг жасауға көмектесу;
- есептер, хаттар және тағы басқа құжаттарды ағылшын тіліне және ағылшын тілінен аудару;
- қажет бола қалса ауызша аударма жасауға көмектесу;
- кеңсе жұмысын жүргізу: кеңсе тауарларына тапсырыс беру және т.б.;
- кіріс қоңырауларына жауап беру, келушілерді қабылдау;
- жобаларды жүзеге асыруға қажет басқа да тапсырмаларды офис-менеджер/бағдарламалар ассистентінің құзіреті аясында орындау.
Үміткерге қойылатын талаптар:
- Қазақстан Республикасының азаматтығы, Алматы қаласында тұрақты тұруы;
- салалық жоғары білімі (ағылшын тілінде оқыған болса, құба-құп) және мәтін дайындау, аудару бойынша кемі 5 жыл өзіндік практикалық жұмыс;
- қазақ тілін білуі С1 деңгейінен төмен болмауы керек (кәсіби біліктілік);
- ағылшын тілін білуі upper-intermediate деңгейінен төмен болмауы керек;
- тығыз уақыт шеңберінде жұмыс істеу және шұғыл тапсырмаларды тез орындау;
- жақсы коммуникативті дағдылар, топта жұмыс істей білу, жауапкершілік деңгейінің жоғары болуы да таңдаудың негізгі критерийлеріне жатады;
- Word, Excel компьютерлік бағдарламаларында жұмыс істеу машығы, мүмкіндігінше Powerpoint презентацияларын жасау тәжірибесі;
- үміткерлердің барлық қабілет-шамасы тең болған жағдайда халықаралық немесе жергілікті қоғамдық және медиаұйымдарда ұқсас жұмыс тәжірибесі бар үміткерлерге басымдық беріледі.
Қысқаша мәлімхатта (бір беттен аспайтын мәтін) мотивацияңызды және Internews-те алдағы жұмыстан не күтетініңізді жазуды сұраймыз. Ағылшын тіліндегі стандартты түйіндемені (CV) және мәлімхатты 2022 жылғы 31 қаңтарға дейін tgolubeva@internews.org электронды поштасына жіберіңіз.
Internews Network – БАҚ-қа қолдау көрсететін халықаралық коммерциялық емес ұйым.
Негізгі қызмет түрлері:
- бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына, телебағдарламалар жасауына, контент өндірісіне және жаңа медиа технологияларды танытуына жәрдемдесу;
- шығармашылық және техникалық кадрларды кәсіптік оқыту;
- заң тұрғысынан қолдау.