ОқиғаларMediaCAMP Award 2020 журналистика байқауының қазақстандық финалистері анықталды

MediaCAMP Award 2020 журналистика байқауының қазақстандық финалистері анықталды

II Орталық Азия елдері арасында журналистика бойынша өтетін MediaCAMP Award байқауының финалына 12 журналист пен блогер өтті. Қазақстандық қатысушылар финалда Тәжікстан, Қырғызстан, Түркіменстан және Өзбекстандағы әріптестерімен бәсекелеседі. Жеңімпаздар есімі 19 қыркүйекте өтетін MediaCAMP Fest фестивалінде жарияланады.

MediaCAMP Award 2020 байқауына Қазақстаннан барлығы 70 жұмыс келіп түсті. Ұлттық іріктеу комиссиясы төрт номинация бойынша үздік 12 материалды финалға іріктеп алды.

«Билік және қоғам» номинациясы

  1. Лұқпан Ахмедьяров пен Рауль Упоров, «Уральская неделя» басылымынан «По ту сторону нефти» деректі фильмін ұсынды.
  2. Жасын Біркенов, «Шалқарға апарар жол» («Хабар 24»).
  3. Алиса Масалёва, тұрмыстағы зорлық-зомбылық проблемаларына арналған мақаласын байқауға ұсынды.

«Жәрдемдесер уақыт» номинациясы

  1. Әмиша Нұрбек Шынтемірұлы, видеоматериал ұсынды.
  2. Оксана Акулова, «Время» газетінде «…И тогда я заплакала» мақаласын жариялады.
  3. Амангүл Ермекқызы, Qazaq radiosy-на жасаған жұмысын ұсынды.

«Ерлер ел ішінде» номинациясы

  1. Дия Батенова, «Агент мировых изменений из Казахстана» мақаласын ұсынды.
  2. Айжан Мадиходжаева, оқушылар мен студенттер білім беру жобаларын қалайша жасап жатқанын анықтапты.
  3. Ақмарал Майкөзова, «Пустите на танцпол!» мақаласын жариялаған.

«Шекарасы жоқ ұрпақ – Мүмкіндіктер уақыты» номинациясы

  1. Роза Әрен, Informburo.kz сайтында «Секс туралы айтсаң, күле бастайды». Қазақтілді жасөспірімдердің жыныстық сауаты неге төмен? атты мақаласы.
  2. Айнұр Шошаева, «Жетімдер тағдыры: «Тойымыз өткен соң алып кетеміз…» жұмысын ұсынды.
  3. Людмила Калашникова, қазақстандық фермер қарапайым шопандарды жұмыстан шығарып, қалай үнем жасағаны туралы хикая

Еске салайық, осы байқаудың «Объектив» номинациясына фотосуреттер қабылдау мерзімі 28 тамызға ұзартылды. Бұл номинацияға 2019 жылдың 1 шілдесінен 2020 жылдың 31 мамыры аралығында жарияланған фотосуреттер қабылданады.

«Объектив» номинациясына қабылданған фотосуреттің барлығы 2020 жылы қыркүйек айының басында MediaCAMP Fest 2020 сайтында ашық жарияланады. Бұл номинацияның жеңімпазы MediaCAMP Fest 2020 сайтында интернет-дауыс беру арқылы анықталады. «Объектив» номинациясына арналған фотожұмыстарыңызды 2020 жылдың 28 тамызына жіберіңіз.

Жоба АҚШ халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Қазақстандағы Internews өкілдігінің “MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы” аясында жүзеге асады.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи