Internews өкілдігі Қазақстан мен Тәжікстандағы коммерциялық емес ұйымдардың журналистер мен блогерлерге ашық деректер мүмкіндігі, түрлі құралдар және сол құралдарды мақала дайындауда қолдану машықтарын оқып-үйрететін бастамаларына қолдау көрсету үшін грант байқауын жариялады.
Серіктесіміз екі кезеңнен құралған жұмысқа дайын болуы қажет.
Бірінші кезеңінде (2020 жылдың қыркүйегінен бастап қарашасына дейін) Internews ұйымымен ашық деректерді жинау және талдау бойынша ынтымақтастық орнатып, қолдау. Екінші кезеңінде (2020 жылдың қарашасынан бастап) журналистер мен блогерлерге тренингтер өткізу, ашық деректерді қолдану, дереккөздер іздеу, өңдеу, талдау, бейімдеу және визуализация бойынша видеосабақтар жасау. Барлық мүдделі тұлғадан грант қолдауы екінші кезеңде берілетініне назар аударуын сұраймыз.
Әлеуетті серіктестер байқауға қатысуы үшін мына критерийлерге сай болуы керек:
- кемі үш жылдан бері сәтті жұмыс істеп келе жатқан коммерциялық ұйым болуы;
- ашық деректермен байланысты және білім беру ісіне қатысты жобалар жасау тәжірибесі;
-
Мемлекеттердің ашық деректер бойынша жағдайын нақты білуі;
Байқауға қатысу үшін өтінішті толтырыңыз.
Жобаларды іріктеу критерийлері мынадай:
- журналистер мен блогерлерді оқытуға арналған ұсыныстардың бірегейлігі;
- нәтижелердің орнықтылығы
- Грант қолдауы аяқталғаннан кейін журналистер мен блогерлердің өзара байланысын қолдау-қуаттау мүмкіндігі;
- видеосабақтарды басқа тілдерге аудару мүмкіндігі;
Өтінішті 2020 жылдың 25 тамызы, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 24:00-ге дейін толтырып, жіберу керек.
Барлық сұрақ бойынша kz-info@internews.org э-поштасына жазыңыз. Келіп түскен сауалдар мен олардың жауаптары пікір ретінде Internews.kz және Newreporter.org сайттарында жарияланып отырады.
Бұл жоба АҚШ халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Қазақстандағы Internews өкілдігінің «MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы» аясында жүзеге аспақ.