Қазақстандағы «Internews Network» өкілдігі Алматы қаласында Қазақша жобалар координаторы позициясына жарты ставкаға бос жұмыс орны бар екенін хабарлайды.
Негізгі қызметтері:
Қазақша жобалар координаторы MediаCAMP бағдарламасындағы қазақша компоненттердің сәтті жүзеге асуына, Қазақстандағы Internews ұжымымен бірлесіп жоспарлар құрып, қарым-қатынас түзуге жауапты. Жоба координаторы Аймақтық медиа-консультант және Орталық Азиядағы Internews өкілдігі басшысына есеп береді.
Негізгі міндеттері:
- Internews ұйымының Орта Азиядағы және Қазақстандағы жобаларын жоспарлауға және жүзеге асыруға қатысу;
- қазақ медиасындағы өзгерістерді қадағалап, есеп жүргізу;
- қазақ журналистері мен медиа өкілдері арасында тығыз қарым-қатынас орнату;
- қазақша жобаларды жүзеге асырушылармен және ресми өкілдермен үнемі байланыста болу;
- мәтін жазу және редакциялау; аудио, видео, фото контент жасау;
- ұйымның әлеуметтік желілері мен сайттарына контент жасауға жәрдемдесу;
- ағылшын, орыс тілдерінен қазақшаға және қазақшадан ағылшын, орыс тілдеріне есептерді, ресми құжаттарды аудару;
- жобалардың тиімділігін бағалау, қадағалау және есеп әзірлеу;
- тренингтер, кездесулер, медиа шаралар ұйымдастыруға көмектесу;
- жоспарланбаған іссапарларға шығу;
- қазақша жобалар координаторы құзырына жататын логистикалық және өзге де мәселелерді шешу;
- қажеттілікке орай туындайтын басқа да міндеттерді орындауға дайын болу.
Үміткерге қойылатын негізгі талаптар:
- Қазақстан Республикасының азаматы болу;
- Алматы қаласында тұрып, жұмыс істеу мүмкіндігі;
- белгілі бір сала бойынша білімі және жұмыс тәжірибесі болу;
- қазақ тілінде ғылыми, әдеби, іскерлік сипатта сауатты мәтін жаза білу;
- шұғыл тапсырманы дер кезінде сапалы орындай алу;
- топ ішінде жұмыс істей алу және жауапкершіліктің жоғары болуы;
- медианың бір саласы бойынша өзіндік зерттеу жасау;
- медиатренер ретінде тәжірибесі болу;
- MS Office бағдарламаларын еркін қолдану;
- мультимедиалы контент жасауға арналған бағдарламалармен жұмыс істей білу;
- халықаралық немесе қоғамдық медиа ұйымда жұмыс тәжірибесі бар үміткерге басымдық беріледі
Қазақ тіліндегі резюмені (CV) 20 қаңтарға дейін мына э-поштаға: kz-info@internews.org жолдауыңызды өтінеміз. Хат тақырыбына «Қазақша жобалар координаторы» деп көрсетіңіз.
«Internews Network» – медиа ұйымдарға қолдау көрсететін коммерциялық емес халықаралық ұйым.
Негізгі жұмыстары:
- бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына, контент сапасының артуына және жаңа медиа технологиялардың қолдануына үлес қосу;
- техникалық және шығармашылық ұжымның кәсіби әлеуетін арттыру үшін тренингтер ұйымдастыру;
- құқықтық көмек.