Internews Орталық Азияға арналған CAMP медиа бағдарламасы шеңберінде Қазақстанда хабар таратушылардың цифрлы хабар таратуға ауысуын қолдауға арналған гранттар байқауын жариялайды.
Болашақ серіктестеріміздің көмегімен тәуелсіз хабар таратушылардың цифрлы хабар таратуға ауысу процессіне қолдау көрсетеміз. Тәуелсіз хабар таратушылардың хабар таратудың жаңа форматына сәтті ауысып, сапалы контент жасауын жалғастырғандарын қалаймыз.
Байқауға медиа саласында 3 жылдан артық жұмыс істеп келе жатқан, кең көлемді іскерлік байланыстары, соның ішінде мемлекеттік органдармен де қарым-қатынасы жолға қойылған қауымдастықтар, медиа жөніндегі ҮЕҰ-лар және коммерциялық емес ұйымдар қатыса алады. Қатысушылар төмендегідей шараларды орындауға дайын болуы шарт:
- хабар таратушылардың цифрлы хабар таратуға ауысуына қатысты туындайтын сұрақтар жөнінде оқыту: мысалы, жұмсалатын шығындар, құқықтық мәселелер, жаңа құрал-жабдық қажеттілігі, сондай-ақ желіні қалыптастыру стратегиясын әзірлеу, контент алмасу және интернеттегі болуын кеңейту;
- БАҚ-пен және мемлекеттік органдармен серіктесе отырып, азаматтарға алда болатын өзгерістерді және оның халыққа ықпалы туралы ақпараттық кампания жүргізу. Әлеуметтік желілер де көбірек қамту үшін қолданылуы мүмкін.
Жоба 2019 жылы қыркүйек айының соңына дейін жүзеге асырылуы міндетті. Қажет болғанда жобаны жүзеге асыру мерзімін 2019 жылдың желтоқсан айы соңына дейін создырту мүмкін.
Өтінім формасын мына сілтемеден, ал бюджет формасын мына сілтемеден жүктейсіз. Толтырылған өтінім және бюджетті 2019 жылдың 14 сәуірі Астана уақытымен сағат 24:00-ге дейін kz-info@internews.org электронды поштасына жіберіңіз.
Әділқазылар келіп түскен ұсыныстарды бағалауда өтінім берушінің медиасаладағы тәжірибесіне және өз қатысушыларының потенциалын жетілдіре алуына, заманауи медианарық жағдайында релевантты дамыту стратегиясына, мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасына, ұсынылған нәтижелердің мұқият ойластырылған көрсеткіштеріне және шынайы бюджеті сынды критерийлерімен қарайды. Жеңімпаздарды электронды пошта арқылы хабардар етеді.
Барлық сұрақ бойынша kz-info@internews.org электронды поштасына хат жазыңыз. Келіп түскен сұрақтар жауабымен қоса Internews.kz және newreporter.org сайттарының хабарландыру бетінде комментарий түрінде сәтімен жарияланады.
Жоба АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) қолдауымен CAMP Орталық Азияға арналған бағдарламасы шеңберінде жүзеге асады. Бағдарлама туралы толығырақ білгіңіз келсе, мына сілтемеге өтіңіз. Қазақстандағы Internews ұйымы туралы толығырақ мұнда жазулы.