ОқиғаларМедиасауаттылық: түсіндіретіндерге арналған тренинг

Медиасауаттылық: түсіндіретіндерге арналған тренинг

Internews Орталық Азия тұрғындарына күмәнді ақпараттан қалай қорғануды үйрететін 30-дан астам медиамаман дайындады.

медиаграмотность центральная азия
Елестетіп көріңізші, Instagramдағы танымал аккаунттардың бірінде белгілі блоггердің кенгуру етін жеуге шақыратын видеоүндеуі пайда болды. Ол өте пайдалы, бұған қоса Instagramдағы сүйікті жұлдыздарыңыз кенгуру етін таңдады. Сол аралықта басқа бір медиадан осы еттің – бірегей қазақстандық өнімге жататынын, Қарағанды маңында кенгуруды өсіретінін, бұл Қазақстандағы жаңа туризм бағытына айналғанын, өйткені халал екенін білесіз. Телеарналардағы ток-шоулар да осы тақырыпты талқылап, зейнеткерлердің сүйікті газеті де кенгуру етін алуға кеңес беріп жатыр. Мистификация, осындай жаппай ақпараттық шабуылдан кейін аудитория мұның растығына сенімді болады. 
Абсурдқа жеткен осынау жағдай шын мәнісінде қоғам санасын арбап, кез келген нәрсеге көндіруге болатынын өте ұғынықты көрсетеді. Бұл Internews Алматыда өткізген медиасауаттылық бойынша тренерлерге арналған тренингтегі ойындардың бірі ғана.

Медиасауаттылық – адамдардың қараған, көрген, оқығанын сараптауына, сұрақтар қойып, күдіктеніп, фейкті, пропаганданы, манипуляцияны ажыратуына мүмкіндік беретін дағдылар жиынтығы.

Орталық Азия аймағындағы белгілі медиамаман Гүлнар Асанбаева үшін бұл Қазақстандағы Internews Network қызметкері ретіндегі алғашқы оқиға. Гүлнар көптеген жылдар Қазақстан жоғары оқу орындарында журналистикадан дәріс оқыған. Ол Internews командасына қосылып, енді медиасауаттылық бағытын дамытады.

Тренингтің кілт сөзі – креатив болды.

Оқыту әдістеріндегі шығармашылық, тапсырмаларды орындау барысындағы тамаша суырыпсалмалық! Осында пайда болған ғажап идеялар мен жоспарларымыз біздегі медиаақпаратты сыни пайымсыз тұтына беру жағдайын өзгертетіне, ақпаратты сараптауға үйрететініне, басқадарға таратар алдын ойлану керегін ұғындыратынына сенімдіміз,-дейді Гүлнар.

Бүгін аудиторияда жұмыс тәжірибесі көп медиамамандар, яғни журналистер, редакторлар, оқытушылар, медиаменеджерлер және олардың жанында мұғалімдер мен кітапханашылар отырды. 50 үміткердің арасынан 20 адам таңдап алынды. Ақпаратты және деректерді тексерудің әдіс-тәсілдерді қарқынды үйрету, фейктермен күрестің сәтті жағдайлары туралы дәрістер Академія Української преси оқу орнының тең құрылтайшысы, профессор Татьяна Ивановнаның ұйымдастырған ойындарымен толықты.
Internews оқытқан тренерлер ақпаратты түсінбей тарататын мектеп оқушыларынан бастап зейнеткерлерге, ата-аналар чатының белсенді қолданушыларына дейінгі түрлі аудиторияның медиасауатсыздығын жоюға еңбек етеді. Медиасауаттылықты меңгерудегі ең оңтайлы тәсіл – ойындар ойнау.

Динара Жаналина

«Соңғы жылдары бір де бір рет алданбаған адам жоқ шығар, сірә. Достарына не таныстарына көшедегі маньяк туралы не жұрттан жасырылған ауру туралы «үрейлі» ақпаратты жолдамағандар да жоқ болар. Адамдар журналистердің жариялағанын, WhatsApp агенттігінде көрген, оқығандарына әрдайым түсіне бермейді, сөйте тұра алданып қалғысы да келмейді. Біз аудиторияның медиасауаттылыққа деген үлкен қызығушылығын байқадық. Бірақ, оқытар алдын өзіміз үйренуіміз қажет. Бізге Internews осындай мүмкіндік берді»,-дейді ақтөбелік тренер Динара Жаналина.

Тренинг қорытындысында әрқайсысы өз оқыту бағдарламасын жасады. Енді олар биыл Қазақстанда және Тәжікстанда ондаған тренингтер өткізеді.

Жоба АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) қолдауымен Орталық Азия аймақтық бағдарламасы аясындағы «Ақпаратқа қол жеткізуді қолдау жобасы» негізінде Қазақстан және Тәжікстанда жүзеге асады.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи