ДомойОқиғаларMediaCAMP Fest 2021 басталды
ОқиғаларMediaCAMP Fest 2021 басталды

MediaCAMP Fest 2021 басталды

2021 жылғы 10 қыркүйекте Орталық Азия елдерінің 150-ден астам медиамаманы USAID қаржыландыратын Орталық Азияның медиабағдарламасы аясында жыл сайын ұйымдастырылатын үшінші медиафестивалге жиналды. 12 қыркүйекке дейін жалғасатын MediaCAMP Fest онлайн-медиамедиафестивалі жергілікті журналистердің идея алмасып, аймақтағы медианың ең өзекті сұрақтары мен мәселелерін талқылауға мүмкіндік береді. 

Алғашқы MediaCAMP Fest фестивалі 2019 жылы Душанбеде өтті. Екінші фестиваль 2020 жылы онлайн ұйымдастырылды. Биылғы фестиваль аралас форматта болып жатыр. Алматы, Бішкек, Душанбедегі үш студия және Ташкенттегі виртуал студия бір-бірімен тікелей эфирде байланысқа шықты.

Фестиваль бағдарламасында медиамамандардың әңгіме-дүкені, дәрістер, дискуссиялар, семинарлар және медиа тақырыбындағы кинокөрсетілімдер бар. Орталық Азияның медиафестивалінде 2021 жылы аймақтағы медиасауат деңгейін көтеру бойынша ең керемет медиажобалар мен бастамалар туралы айтылып, Орталық Азияның белгілі журналистері You-Tube каналды дамыту, аудитория тарту, подкаст жасау және дата-журналистика бойынша практикалық шеберлік сабақтарын өткізеді. Медиасауат тақырыбында шеберлік сабақтар сериясы ұйымдастырылады. 

Орталық Азиядағы Internews өкілдігінің жетекшісі Марат Бигалиев фестивалдің ашылу салтанатында:

Биылғы фестиваль ұраны — «Азияда жасалған». Орталық Азияның медиажобаларын ерекшелеп, журналистер жұмысының маңыздылығына назар аудартпақпыз. Аймағымыздағы ең мықты жобаларды көрсеткіміз келеді. Орталық Азияның кәсіби медиамамандары мен журналистерінің материалы әрдайым миллиондаған қаралым жинамаса да олар күнделікті ақпарат ағымын қалыптастырып, қоғамның өзекті проблемаларын анықтап, соны шешуге көмектеседі. Медиамамандардан бөлек, аймақ жұртшылығын медиа және цифрлы сауаттылыққа баулып жүрген азаматтық қоғам белсенділерінің да жобаларын атаймыз. Фестиваль бағдарламасына қарасақ, биыл жиырмаға жуық автор Азияда жүзеге асырған жаңа жобаларды көреміз. Бұл олардың керемет нәтижеге қол жеткізгенін көрсетеді. Осы тәжірибе жаңа креатив идеялардың туындап, соны жүзеге асыруға серпін беретініне сенімдіміз, — деді.

Америка Құрама Штаттары отыз жылға жуық уақыттан бері Орталық Азиядағы медианың дамуын қолдап келеді. Бұл қолдау ақпаратқа қол жеткізу және медианың тұрақты дамуына мән беретінімізді көрсетеді. Атап айтқанда, АҚШ ақпаратты тұтынушылардың медиасауатын көтеріп, журналистикадағы кәсібиліктің арттыруға талпынады. Фестивалде кәсіби мамандарға пайдалы семинарлар, талқылаулар болады. Сондай-ақ, фестиваль USAID қолдауымен жасалған ең маңызды медиажобаларды танытады. Сіздердің Қоғамды ақпараттандырудағы батылдық пен елеулі еңбегіңізді қмойындаймыз, — деді USAID-тың Орталық Азиядағы миссиясы директорының міндетін атқарушы Питер Янг. 

Орталық Азияның MediaCAMP Fest медиафестивалі 12 қыркүйекте MediaCAMP Awards журналистика байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімімен аяқталады. Байқауға барлығы 646 өтініш келіп түсті. Соның ішінен 74 материал «Уақыт тынысы», «Жеңімпаздар уақыты», «Жасампаздар уақыты», «Жастар уақыты», «Жыл тақырыбы. Пандемия кезеңі» деген бес номинация бойынша финалға өтті. Жеңімпаздарды аймақтық кезеңнің қазылар алқасы анықтайды. Алтыншы номинация — «Уақыт көрінісі: фотосурет, карикатура, иллюстрация» номинациясының жеңімпазын аудитория таңдайды, яғни фестиваль сайтында финалистерге онлайн-дауыс береді.

MediaCAMP Fest фестивалі 10-12 қыркүйек күндері онлайн режимде өтеді. Фестивалге Орталық Азияның барлық республикасынан адамдар қатысып жатыр. Трансляцияны Internews өкілдіктерінің әлеуметтік желі парақшасынан, ресми сайтынан және Zoom-да көре аласыз.

Internews ұйымы Орталық Азия журналистерінің MediaCAMP Fest фестивалін 2019 жылдан бері өткізіп келеді. Сайттан фестиваль бағдарламасын және бұрынғы спикерлердің видеожазбасын көруге болады. Үш жылда MediaCAMP Fest фестивалі Орталық Азия журналистерінің мерекесіне, аймақтағы және шетелдегі әріптестерімен жетістіктері мен проблемаларын талқылайтын алаңға, тәжірибесін бөлісіп, даму болашағын айқындайтын ортаға айналды.

Жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен MediaCAMP — Орталық Азия бағдарламасы аясында жүзеге асады.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

spot_img