[vc_toggle title=»Егер менің материалым шетелден қаржыландырылатын ресурста жарияланса, мен байқауға қатыса аламын ба?»]
Байқауға шетелден қаржыландыратын немесе мемлекеттен тыс жерде тіркелген БАҚ журналисі қатыса алмайды. Сонымен қатар мұндай БАҚ-та жарық көрген материалдар қабылданбайды. [/vc_toggle][vc_toggle title=»Егер менің материалым халықаралық БАҚ-та жарияланбаса, бірақ бұл материалды жазу үшін гранттық қаржы пайдаланылса, мен бұл байқауға қатыса аламын ба?»]
Гранттық немесе донорлық қаржыға әзірленген материал байқауға қабылданады, бірақ бұл материалды әзірлеу барысында материалдың контентін өзгертуге ықпал еткен редакторлардың үстемдігі болмауы тиіс. Бұл тұрғыдан алғанда техникалық жағынан, материалдың стилистикалық сапасын жақсарту мақсатында ментордың еріп жүруі бұл талапқа қайшы келмейді.[/vc_toggle][vc_toggle title=»Алдымен өтініш жазып, соңынан редактордың хатын жолдауға бола ма?»]
Жоқ. Редактор хаты өтінішке қоса тіркелуі керек.[/vc_toggle][vc_toggle title=»Менің материалым іріктеуден өткенін қалай білуге болады?»]
Ұлттық және аймақтық іріктеуден өткен қатысушыларды Ұйымдастырушы комитет хабардар етіп отырады. Іріктеуден өтпегендерге хабарлама берілмейді. Егер сіз финалға өтсеңіз, сізге телефон шалып хабарласады немесе хат жазады. [/vc_toggle][vc_toggle title=»Егер менің бейне немесе басылып шыққан материалым интернете жоқ болса, оны байқауға қалай ұсынуға болады?»]
Бейнематериалдардың қайда жарияланғанын көрсететін сілтеме керек, әрі материал қайда жүктелгенін көрсететін (мәселен, youtube, vimeo және тағы басқа) сілтеме жалпыға қолжетімді болуы тиіс. Сілтеме жабық болса, автор көруге мүмкіндік беретін сілтемені ұйымдастыру комитетіне беру керек.
Басылып шығатын және газет материалдарды сканерлеу керек, мүмкіндігінше материалдың шыққан мерзімі көрінуі тиіс, оны қолжетімді кез-келген сервиска жүктеп, электронды сілтеме арқылы ашуға болатындай мүмкіндік жасау қажет. Сканерленген материал оңай оқылуы тиіс. Көшірме сапасы өте жақсы болуы тиіс.Файлдың жалпы көлемі 1 ГБ-дан аспауы тиіс. [/vc_toggle][vc_toggle title=»Егер менің материалым радиоэфирден өтсе, мен оны байқауға қалай ұсына аламын?»]
Аудионы кез-келген онлайн сервиске жүктеу керек және оның сілтемесін Ұйымдастыру комитетіне жолдау керек болады. [/vc_toggle][vc_toggle title=»Өтінішті қай тілде бере аламын?»]
Барлық қатысушы елдердің барлығында орыс тілінде және қатысушы елдің мемлекеттік тілінде беріледі. Алдымен комитет қатысушыларды материалды шыққан тілінде бағалайды. Материал іріктеуден өтсе, оны халықаралық қазылар алқасына орыс тіліне аударады. [/vc_toggle][vc_toggle title=»Бір материалды түрлі номинацияға ұсынуға бола ма?»]
Жоқ, бір материал тек қана бір рет беріледі.[/vc_toggle][vc_toggle title=»Номинацияны қалай таңдауға болады?»]
Байқаудың Ережесін, номинациялардың сипаттамасын және талаптарын мұқият оқып шығу керек. Сондай-ақ 2019 жылғы байқауда жеңіске жеткен материалдармен таныса аласыздар.[/vc_toggle][vc_toggle title=»Бір БАҚ немесе бір автор түрлі номинацияға өтініш бере ала ма?»]
Иә, бере алады, бірақ материалдар әртүрлі болуы тиіс. Әр номинацияға бөлек бір өтініш болуы тиіс. [/vc_toggle][vc_toggle title=»Мен блогер болсам, өтініш бере аламын ба?»]
Байқау журналистика бойынша, бірақ сіз контентіңізді медиалық деп есептесеңіз және оның талаптары Байқауға сай келсе, өтініш беруіңізге болады. Тәуелсіз авторлардың және продюсерлік топтардың онлайн-алаңда жарық көрген журналистік жобалары да қарастырылады. [/vc_toggle][vc_toggle title=»Байқауға деректі фильмде беруге бола ма?»]
Ия, бірақ оның хронометражы 40 минуттан аспауы тиіс, бұл қысқаметражды фильмнің ең ұзақ шегі. Киноның өз байқаулары бар, бұл байқаудың басымдылығы – журналистік материалдар. [/vc_toggle][vc_toggle title=»Егер менде материалдар циклі болса не істеу керек?»]
Онлайн-өтініште оның қысқаша мазмұнын көрсету керек, ал байқауға сіздің пікіріңізше ең мықты материал берілуі тиіс. [/vc_toggle][vc_toggle title=»Байқауға материалды пошта арқылы жіберуге бола ма әлде арнайы тасығыштармен алып келу керек пе?»]
Жоқ, материалдар онлайн түрде қолжетімді материалдар қабылданады.[/vc_toggle][vc_toggle title=»Егер мен жұмыстан кетіп қалған болсам, бірақ байқауға қатысқым келсе, БАҚ-та жұмыс істеген кезімде жарияланған материалды пайдаланып қатыса аламын ба?»]
Иә, өтініш жолдаңыз. Байқауда БАҚ емес, материал авторлары марапатталады. Бас редактордың хатын бірге тіркеп қойсаңыз жақсы болар еді, алайда ондай мүмкіндік болмаса, оны ескертуде қысқаша жазсаңыз болады. Ұйымдастырушы комитет мұндай мәселеге жеке қарайды. [/vc_toggle][vc_toggle title=»Егер материалды авторлық топ әзірлесе, оны байқауға беруге бола ма?»]
Иә, бірақ шығармашылық топ өкілдері бұл жайында білуі тиіс. Топ мүшелерінің бірі өтініш білдірсе, қалғандары қарсылық білдірмеуі керек. Бәйгені топ мүшелері өз ара келісім арқылы бөліп алады. Өйткені жеңіске бір автор емес, топ жетсе, бәйге көлемі өспейді. [/vc_toggle][vc_toggle title=»Финалға шығармашылық топ шыққан жағдайда марапаттау рәсіміне шығармашылық топ толығымен шақырыла ма?»]
Ия. Алайда топ ( 2 адамнан көп болса), қатысу талаптары өзара келісіледі. [/vc_toggle][vc_toggle title=»Жеңімпаздар қандай жүлдеге қол жеткізеді?»]
Аймақтық байқауда жеңіп шыққан финалистер арнайы диплом алып, марапаттау рәсіміне шақырылады. Жеңімпаздар мүсінше және қаржылай сыйлық алады. Қазылар алқасы арнайы сыйлық ұсынуы мүмкін. [/vc_toggle][vc_toggle title=»Менің шығармам финалға не себепті өтпей қалғанын қалай білуге болады?»]
Қазылар алқасы материалдарды бағалайды. Сол себептен финалистер мен жеңімпаздардың таңдалуы ашық болады. Дауыс беру талапқа сай жүргізіледі (кәсібилік, объективтілік, техникалық талаптарға сай, жасампаздылығына сай және номинация талаптарына сай). Қазылар осы талаптарды өз түсінігімен қабылдап, ішкі сенімімен бағалай келе дауыс береді. Дауыс беру әдісінің қорытындысы егжей-тегжей жарияланбайды. [/vc_toggle][vc_toggle title=»Менің материалымды қазылар алқасына орыс тіліне кім аударады?»]
Аударманы журналистика және лингвистиканы түсінетін мамандар аударады. Қалай болғанымен қазылар алқасында өтініш білдірген тілді түсінетін маман болады. [/vc_toggle][vc_toggle title=»Қазылар алқасы құрамында кімдер болады?»]
Қазылар алқасы құрамына БАҚ мен медиадағы беделді адамдар шақырылады. Егер қазылар алқасындағылардың біреу белгілі бір мекемемен немесе тұлғаменүлестес болса(туысқаны, БАҚ-тағы қызметкері, тағы басқа), онда ол дауыс беруден бас тартады. [/vc_toggle][vc_toggle title=»Қанша жеңімпаз болады?»]
Қатысушы әр ел іріктеу турына әр номинациядан үш жеңімпазды таңдап алады. Сосын халықаралық қазылар алқасы финалистер арасында бір адамды таңдайды. Әр номинациядан бір өтініш жеңіске жетеді. [/vc_toggle][vc_toggle title=»Қандай да бір сұрақтар болса, кіммен кеңесуге болады?»]
Егер байқау серіктестеріне қойған сұрақтардан кейін тағы да сұрақтарыңыз болса, онда ұйымдастыру комитетінің Қазақстандағы үйлестірушісіне хабарласуға болады. Қазақстандағы Internews өкілдігінің медиасарапшысы Марина Михтаева — mmikhtayeva@internews.org[/vc_toggle]