Internews халықаралық ұйымының Қазақстандағы өкілдігі медиа саласының дамуын қолдайды. Аймақтағы көпжылдық жұмысымыздың нәтижесінде біз мыңдаған кәсіби журналистерді, медиа сарапшыларды, контентмейкерлерді, редакторлар мен менеджерлерді даярладық. Бұл Қазақстанда өз аудиториясына сапалы ақпарат ұсынатын тұрақты жергілікті БАҚ қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Біздің миссиямыз – өңірдің ақпараттық кеңістігін дамыту. Қазіргі таңда жаңа технологиялар медиа нарығын қарқынды өзгертіп жатқан кезде, біз БАҚ-қа ақпарат таратудың жаңа арналары мен тәсілдерін табуға көмектесеміз. Үкіметтік емес ұйымдармен серіктестік орнату, қоғамды контент өндіруге тарту – әртүрлі әлеуметтік топтардың даусын естуге жол ашады. Internews жобалары ақпаратқа қолжетімділікті арттыруға, медиа мамандарының кәсібилігін дамытуға, медиа құқығы мен медиасауаттылықты нығайтуға бағытталған.
Халықаралық коммерциялық емес ұйымның штаб-пәтері Лондонда (Ұлыбритания) орналасқан. Internews құрылған күннен бастап Африкада, Азияда, Еуропада, Таяу Шығыста, Латын және Солтүстік Америкада кеңселері бар шамамен 90 елде жұмыс істеп келеді.

