ГранттарКонтент өндірушілерге арналған грант байқауы  

Контент өндірушілерге арналған грант байқауы  

Internews сапалы контент өндіретіндерді аймақтағы тұрғындардың елде, аймақта және дүниеде болып жатқан оқиғаларды жақсырақ түсініп, сол процестер тұтас қоғамның да, жеке адамдардың да өміріне қалай әсер ететініне баға беруге сеп болатын контент шығаруға грант алу байқауына қатысуға шақырады. Байқау Internews Еуропалық Одақтың қаржылай қолдауымен Орталық Азия елдерінде іске асырып жатқан «Шынайы әңгімелер көмегімен аудиторияның төзімділігін арттыру (CARAVAN)» аймақтық жобасы аясында өтіп жатыр.   

Тәуелсіз қазылар алқасы ең үздік екі өтінімді іріктеп алады. Гранттың максимум көлемі: 30 мың евроға дейін, ол қаражатқа түрлі тақырыпта кемі 30 бірегей контент шығару керек болады. Internews қолдау алатын жобалар санына қарай грант көлемін азайтуға қақылы.  

Байқау жеңімпаздары тақырыптық трениңдерге қатысып, Internews менторларынан техникалық және эксперт қолдауын ала алады. Оған қоса жеңімпаздарға медиаэксперттердің кеңесі ұсынылады, соның ішінде медиа нарығындағы орнықтылықты арттыру жөнінде кеңестер беріледі. 

Жобаларды іске асыру мерзімі — 10 айға дейін, жобалар басталады деген болжамды уақыт — 2025 жылғы мамырдың басы.  

Дедлайн: 2025 жылғы 31 наурыз, Алматы уақытымен сағат 23:59  

Байқауға кім-кім қатыса алады? 

Байқауға жергілікті тәуелсіз продакшн-студияларды және ел аумағында аудиториясы бар өзге де мүдделі контент өндірушілерді (блогерлер, фрилансерлер, журналистер және т.б.) шақырамыз.  

Маңызды шарт: өтінім беруші ел заңнамасына сай заңды тұлға (ЖК, ЖШС, ҚҚ, ҚБ, т.б.) болып тіркелген болуға тиіс. 

Қандай жобалар күтеміз?  

Internews: 

  • елде, аймақта, дүниежүзінде болып жатқан оқиғалар; 
  • маңызды геосаяси процестер, соның ішінде аймақ пен елге әсер ететін қақтығыстар; 
  • халық арасындағы азаматтық активизм мүмкіндіктері мен құқық; 
  • сөз еркіндігі, адам құқығы, гендерлік және өзге де теңдік түрлері; 
  • әйелдер мен осал немесе шеттетілген топтардың мәселелері, соның ішінде қоғамдағы стереотиптер; 
  • экология, климат өзгеруі және аймақтағы су, энергетика ресурстарының жұмсалуы мәселелері;  
  • денсаулық және медицина қызметтеріне қол жеткізу мәселелері; 
  • технологиялық инновациялар және олардың қоғамға ықпалы, соның ішінде цифрлық қауіпсіздік және жасанды интеллект мәселелері; 
  • әлеуметтік теңсіздік пен кедейлік мәселесі, сондай-ақ халық топтары арасындағы алшақтықты азайтуды көздейтін әрекеттер; 
  • көші-қон және мигранттардың құқығы, соның ішінде көшіп-қону және жаңа қоғамға сіңісу мәселелері; 
  • және өзге де өзекті тақырыптарды жариялау арқылы жалған ақпарат таралуына қарсы тұруға сеп болатын жергілікті контент өндіруге өтінім алсақ дейді.   

Мысалы, жалған ақпарат не ақпаратқа манипуляция жасаудың кесірінен елдердің тарихына сыңаржақ көзқарас қалыптасатыны, аймақтағы интеграция процестеріне, гендерге қатысты стереотиптер таралуына, осал топтардың құқықтарына әсер етіп, халық арасында алауыздық пен сенімсіздік туатыны туралы материалдар жасауға болады. Сондай-ақ климат өзгеруі туралы мифтердің және экологиялық орнықтылықты көздейтін әрекеттерге тосқауыл қоюға талпынатын материалдар; қоғам өміріндегі технологияның рөліне, сондай-ақ олардың ақпарат жасап, таратудағы ықпалына, соның ішінде фейктер мен манипуляцияға қатысты сынақтарға қатысты материалдар шығарып, жариялауға болады. Оған қоса, дезинформацияның денсаулық сақтау ісі мен медицинаға әсері, соның ішінде вакцинация мен түрлі ауруларды емдеу туралы жалған мәліметтің ықпалы жөніндегі материалдарды қолдаймыз. 

Маңыздысы – контент қоғамдағы диалогқа сеп болып, аудиторияның хабардарлығын арттыруға тиіс. 

Жобаларды мынадай жанрларда ұсынуға болады:  

Internews түрлі – аналитика, журналистік зерттеу, білім беріп, көңіл көтеретін және ағартушылық, сатира, документалистика, ток-шоу – және өзге де жанрлардағы материалдарды қолдайды. Видео форматындағы контент жасау өтінімі айрықша құпталады.  

Өтінімді дайындау және ұсыну кезеңдері:  

  1. Байқау және өтінім мен бюджет толтыру туралы ақпараттық сессияға қатысу  (толық ақпарат төменде берілген). 
  1. Өтінім және бюджет үлгісін толтырып, толық құжаттар пакетін қосып, «CARAVAN. Контент өндірісі байқауы — Қазақстан» деп тақырып қойып,  2025 жылғы  31 наурыз, Алматы уақытымен сағат 23:59 қалмай KZ-info@internews.org поштасына жолдау. 
  1. Өтінімдер қазақ немесе орыс тілдерінде қабылданады.  

Қосымша ақпарат: 

Грант қаражатын еңбек ақысын төлеуге, материал жинайтын жұмыс сапары шығындарына, контент өндірісі мен сол контентті өткізу жоспарын іске асыруға кететін операция шығындарына, құрал-жабдықты ішінара жаңартуға жұмсауға болады. 

Құжаттар пакеті толық берілген өтінімдер ғана қарастырылады (құжаттар пакетін өтінім үлгісінен қараңыз). Internews бір не бірнеше құжаты жетпей тұрған жоба өтінімдерін қарастырмауға қақылы. 

Байқау кезеңдері: 

Бірінші кезең: жоба ұсыныстарын техникалық тұрғыдан іріктеу (құжаттар пакеті толық болғанын, байқау шарттарына сәйкестігін тексеру). 

Екінші кезең: байқау мақсаттарына барынша сай келетін жоба өтініштерін іріктеп алу (шорт-листинг). 

Үшінші кезең: екінші іріктеу кезеңінен өткен жоба командаларының (финалистер) 

жобасын таныстыратын питчингі. 

Төртінші кезең: тәуелсіз қазылар жеңімпаздар мен резервистерді таңдайды. 

Байқау қорытындысы. 

Жеңімпаз командаларға қазылар алқасының ескертулеріне қарай жобасын жетілдіріп, түпкілікті бюджетін құрап, шарт жасасуға қажет құжаттарын жинауға бір апта беріледі.  

Іріктеу шарттары: 

  • контент өндіру саласында кемі бір жыл тәжірибе болуы (команданың негізгі мүшелерінің тәжірибесі ескеріледі); 
  • жұмыстар портфолиосы болуы, команда мүшелерінің тәжірибесін көрсету керек; 
  • толық құжаттар пакеті болуы (тізімді өтініш үлгісінен алуға болады); 
  • жобада ұсынылатын тақырыптар өзекті болуы әрі сол мәселелерді жариялауда жаңа ракурс ұсынуы; 
  • жоба өтінімі байқауға шығарылған тақырыптарға сай болуы; 
  • жалпы аудиторияға жететіндей және ел деңгейін қамти алатындай өз медиа алаңы болуы (контент барынша таралып, кең ауқымды қамтуы үшін); 
  • шығарылатын контенттің кемі 70% (контент бірлігі) мемлекеттік тілде болуы;  
  • команда мүшелері CARAVAN жобасы аясында өтетін оқыту-үйрету іс-шараларының бәріне қатысуға келісуі;  
  • жобаны іске асыруға қажет техникалық база болуы; 
  • сапалы журналистиканың кәсіби және этика стандарттарына адалдық; 
  • ел заңнамасына сай заңды тұлға (ЖК, ЖШС, ҚҚ, ҚБ, т.б.) болып тіркелген болуы шарт. 

Іріктеуде

  • ел аумағын қамти алатын арналары бар;  
  • мемлекеттік тілдегі контентті танымал етуге үлес қосатын; 
  • өзге де жергілікті тілдерде контент шығарып, оны бейімдей алатын;  
  • түрлі ақпарат тарату арналары мен форматтарды қолданатын; 

Ақпараттық сессия. 

2025 жылғы 5 наурызда, Алматы уақытымен сағат 14.00 Internews ақпараттық сессия өткізбек, онда байқау шарттарымен толығырақ танысып, ойыңыздағы сұрақтарға жауап алуға болады. Өтінім беретіндер ақпараттық сессияға Zoom платформасында онлайн қатыса алады. Сессияға қатысу үшін мына сілтемеге өтіп, онлайн тіркеліңіз.  

Тағы сұрақтарыңыз бар ма? 

Бізге хабарласыңыз! KZ-info@internews.org электрондық поштасына хат жазсаңыз, сұрақтарыңызға қуана жауап береміз. Хаттың тақырыбын «CARAVAN. Контент өндірісі байқауы — Қазақстан» деп қоюды ұмытпаңыз. 

Грант байқауы Еуропалық Одақтың қаржылай қолдауымен Internews іске асырып отырған «Шынайы әңгімелер көмегімен аудиторияның төзімділігін арттыру (CARAVAN)» жобасы аясында өтеді. 

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи