Қызметі: қазақша коммуникация жөніндегі маман
Жұмыс орны: Алматы, Қазақстан
Жұмыс уақыты: толық емес жұмыс күні
Келісімшарт ұзақтығы: 11 айға жасалады, ұзартуға болады.
Вакансияға өтінімдер 2024 жылғы 20 қазан, сағат 20:00-ге дейін қабылданады
Қазақстандағы Internews өкілдігі CAIIA және GLIMMER бағдарламаларының қазақша коммуникация жөніндегі маман вакансиясына конкурс жариялады. Қазақша коммуникация жөніндегі маман Internews жобаларын іске асыруды онлайн коммуникация арқылы қолдап, қазақ тілінде контент жасайды, мақала жазып, шағын видео дайындайды. Аймақтық коммуникация жөніндегі маманмен бірге коммуникация стратегиясын және контент-жоспарды қазақ тіліндегі аудиторияға бейімдеп, бағдарламалар туралы ақпаратты қазақ тілінде таратады.
Негізгі міндеттері:
- Қазақша аудиторияның сұранысын ескере отырып ұйымның коммуникация жасау стратегиясын дайындауға қатысу;
- Қазақстандағы аудиторияның сұранысы мен жобалардың нәтижесіне қарай Internews өкілдігінің ұйымының сайты мен әлеуметтік желілердегі парақшаларына арнап контент-жоспар жасау және соны іске асыру;
- Бағдарламаның діттеген мақсатына жету үшін офлайн және онлайн кампанияларды өткізуге қатысу;
- Ұйымның сайты мен әлеуметтік желілердегі парақшаларын жүргізу;
- Басқа да міндеттемелер.
Үміткерге қойылатын талаптар:
- Қазақ тілін жетік білу, ал орыс тілін жұмыс деңгейінде білуі қажет. Ағылшын тілін жақсы білсе, құба-құп;
- Мәтін жазу, қарым-қатынас жасау, сторителлинг дайындау машығы;
- Қоғаммен байланыс, журналистика, БАҚ-ты дамыту және/немесе дезинформациямен күрес саласында кемі 3 жыл жұмыс өтілінің болуы;
- Мультимедиа форматтарын жасау және мультимедиа өніміне арналған құралдарды пайдалану тәжірибесінің болуы;
- Ұйымдастыру қабілеті жоғары әрі мұқият болу;
- Қоғаммен байланыс, журналистика не соған жақын сала бойынша бакалавр дәрежесі;
- Internews ұйымының негізгі құндылықтарын түсіну және соны сақтау;
- USAID ұйымымен және/не дамыту бағдарламаларымен жұмыс істеу тәжірибесі болса, құба-құп.
Бұл қызметті толық емес жұмыс күні режимінде қашықтан істеу қарастырылған.
Егер осы бос жұмыс орнына қызығушылық танытсаңыз, онда істеген жұмысыңыз көрсетілген резюмеңізді ілеспе хатпен қосып 2024 жылғы 20 қазанға дейін bmadyarova@internews.org электронды поштасына жіберіңіз. Хат тақырыбын « Қазақша коммуникация жөніндегі маман вакансиясына» деп қойсаңыз екен.
Internews Network – БАҚ-қа қолдау көрсететін халықаралық коммерциялық емес ұйым.
Негізгі қызметі:
- Бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына, телебағдарламалар жасауына, контент өндірісіне және жаңа медиа технологияларды танытуға көмектесу;
- Шығармашылық және техникалық кадрларды кәсіби оқыту;
- Заң тұрғысынан қолдау.