ОқиғаларInternews Душанбеде MediaLab аймақтық контент-лабораториясын өткізіп жатыр

Internews Душанбеде MediaLab аймақтық контент-лабораториясын өткізіп жатыр

Internews 1-3 маусым аралығында Қазақстан, Тәжікстан мен Өзбекстанның журналистеріне арнап MediaLab аймақтық контент-лабораториясын өткізеді. MediaLab-қа Орталық Азияның елдерінен келіп түскен 50-ден астам өтінімнің арасынан таңдалған төрт команда қатысып жатыр. Олар аймақтың бірнеше еліне ортақ әлеуметтік проблемаларды көрсететін бірлескен жобаларын бастауды қаржыландыруға қол жеткізу үшін сайысқа түседі.

Контент-лаборатория USAID қаржыландырып, Internews жүзеге асыратын «Орталық Азияның ақпарат тұтастығын дамытуға ықпал ету (CAIIA)» бағдарламасы аясында өтіп жатыр.

Тәжікстандағы USAID миссиясының директоры Питер Райли MediaLab-тың ашылуында сөйлеп, «Бұны айтпауым керек, десе де айтайын: Орталық Азияда журналист болу қаншалықты қиын екенін білемін. Бүгін осында Орталық Азияның бірнеше елінен келген журналистерді көргеніме қуанып тұрмын» деді.

Питер Райли, Тәжікстандағы USAID миссиясының директоры

Ол Орталық Азияның пропаганда мен жалған ақпараттан келетін қауіп-қатерге тап болу жағдайын, аймақта ақпаратқа қол жеткізу шектеулі екенін айтты. Медиа өзінің аудиториясына сапалы да сенімді ұсынуы үшін жергілікті ұлттық тілдерде контент өндірушілерді қолдау қажет екенін атап өтті.

Командалар 3 күн бойына менторлардың, белгілі халықаралық сарапшылардың қолдауымен жобасын жетілдіреді. Олар күнделікті жұмысында жасанды интеллектті тиімді әрі этикаға сай пайдаланып, әлеуметтік желілерде ілгерілету стратегиясын және фактчекинг жасау машығын шыңдайды.

Марджори Роуз, Internews-тің бағдарламалар жөніндегі аға вице-президенті

«Орталық Азия елдерінің бір-біріне жақындап, трансшекаралық әріптестік қарым-қатынасты нығайтатын уақыты келді және медиа бір-бірімізді көбірек танып-білуге көмектеседі. Аймақтың өзара ортақ оқиғалары көп. Олардың кейбірін қолдайтынымызға қуаныштымыз», — деді Internews-тің бағдарламалар жөніндегі аға вице-президенті Марджори Роуз.

Медиалаборатория түрлі елдердің журналистерін бірге жұмыс істеуге ынталандырып, командаларды Орталық Азия жұртшылығының өміріне әсері бар күрделі тақырыптарды тереңірек түсінуіне көмектесетін ортақ тәжірибені қолдануға шақырады. Олардың дайындайтын контенті гендер рөлі мен нормалары, экология мен климат өзгерісі, денсаулық сақтау, жаһандық оқиғалардың Орталық Азияға ықпалы сияқты тақырыптарды қоса алғанда аймақтағы аз айтылатын не жалған ақпаратқа толы өзекті әлеуметтік проблемаларға арналады.

Рухшона Нажмидинова, Тәжікстандағы Internews өкілдігінің директоры

Тәжікстандағы Internews өкілдігінің директоры Рухшона Нажмидинова: «Орталық Азия елдерінің бәріне ортақ жоба жасау — өте күрделі жұмыс. Өйткені, аймақтың барлық елін біріктіретін ортақ тұстарын негізге ала отырып, әр елдің ерекшелігін де қамтуы керек» деп айтты.

MediaLab соңында тәуелсіз комиссия қаржылай қолдау алатын озық жобаларды таңдап, олардың идеясы жүзеге асуына көмектеседі.

Бұл контент-лаборатория Америка халқының АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы жасаған қолдауы аясында жүзеге асып отыр. Мазмұнына Internews жауапты және мазмұны USAID не АҚШ үкіметінің көзқарасымен сай келмеуі мүмкін.

USAID – әлемдегі маңдайалды халықаралық даму агенттігі және даму саласында нәтижелерге жеткізетін бастайтын қозғаушы күш. Агенттік туралы көбірек ақпарат алу үшін сайтына және Facebook-тегі USAID Central Asia парақшасына өтіңіз.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи