ОқиғаларInternews CARAVAN жолға шықпақ: Орталық Азиядағы жаңа жобаның таныстырылымы 

Internews CARAVAN жолға шықпақ: Орталық Азиядағы жаңа жобаның таныстырылымы 

Internews Еуропалық Одақтың қаржылай қолдауымен Орталық Азияда «Шынайы әңгімелер көмегімен аудиторияның төзімділігін арттыру (CARAVAN)» деген жаңа жоба басталғанын хабарлап отыр. Жоба 14 маусымда, сағат 10:00 өтеді (Астанада офлайн, Zoom платформасында онлайн) ресми таныстырылады.

Бұл не жоба?

CARAVAN жобасы жергілікті және аймақтық медиа құралдарымен, үкіметтік емес ұйымдармен, білім беру мекемелерімен және мемлекеттік органдармен бірлесіп, ақпараттық манипуляцияға, жалған ақпарат пен ғадауат тіліне төзімді ақпараттық орта құру жолында жұмыс істемек. 

Жоба аймақтағы медиасауат пен сыни ойлауды дамыту бағытында жұмыс істеп жүрген серіктестер арасында ұзақмерзімді және сенімді қарым-қатынас орнатып, сол арқылы Орталық Азия тұрғындарына ақпараттық күн тәртібін жақсырақ танып, өзіндік пікір қалыптастырып, өз бетімен шешім қабылдай алуға көмектесуді көздейді. 

Internews командасы серіктес болуға ниеттілердің бәрін – БАҚ, азаматтық қоғам өкілдері мен медиаұйымдарды осы маңызды жобаға қатысуға шақырады! 

Презентацияға қалай қосыламыз:

Кездесуге қосылу үшін 2024 жылғы 10 маусым, сағат 18:00 дейін тіркелу керек. Содан кейін поштаңызға ZOOM платформасындағы кездесудің сілтемесі барады. 

Кездесу бағдарламасы:

  • 10:00 – 10:15 Ашылуы. Кіріспе сөз: Кестутис Янкаускас мырза, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісі; Марат Бигалиев, Орталық Азиядағы Internews өкілдігінің басшысы
  • 10:15 – 10:30 CARAVAN жобасын таныстыру: Вадим Садоншоев, CARAVAN жобасының директоры
  • 10:30 – 10:50 CARAVAN жобасындағы мүмкіндіктер: Гульмира Рымбаева, CARAVAN жобасының мониторинг, бағалау және есеп беру жөніндегі жетекші маманы 
  • 10:50 – 11:20 Сұрақ-жауап

Іс-шара тілі: орыс, ағылшын (синхрон аударма жүреді)

Өзге елдердегі әріптестерге: Астана уақытымен 10:00 – 11:30 аралығында  тікелей  ZOOM платформасы арқылы қосылуға болады. 

Таныстыру Еуропалық Одақтың қаржылай қолдауымен Internews іске асырып отырған Шынайы әңгімелер көмегімен аудиторияның төзімділігін арттыру (CARAVAN) / Cultivating Audience Resilience through Amplification of Vibrant and Authentic Narratives (CARAVAN) жобасы аясында өтеді.

Редакция
Редакцияhttps://internews.kz
Официальная информация Представительства Internews в Казахстане. Пожалуйста, при перепубликации ссылайтесь на нас.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи