БайқауларЖурналистер мен контент-мейкерлерге арнап, діни сенім бостандығы мәселелері бойынша ақпарат тарату тренингіне...

Журналистер мен контент-мейкерлерге арнап, діни сенім бостандығы мәселелері бойынша ақпарат тарату тренингіне қатысуға байқау жарияланды

Internews «Діни сенім бостандығы жайлы ақпарат тарату мен ілгерілетуді қолдау» (SCARF) жобасы аясында Қазақстанда журналистер, блогерлер мен медиа өкілдеріне арнап ұйымдастырылатын ар-ождан бостандығы, діни әралуандылық мәселесі мен сезімтал тақырыптар бойынша ақпарат тарату тренингіне қатысуға байқау жариялады. Тренингке қатысушылар арасында жоғарыда аталған тақырыптар бойынша медиажоба жасау үшін грант алуға жабық конкурс болады. 

Тренингке кімдер қатыса алады?

Діни әралуандылық және діни сенім бостандығы тақырыбында сапалы контент жасауға мүдделі журналистер, фрилансерлер, контент-мейкерлер, Қазақстан медиасының өкілдері (қазақ және орыс тілдерінде). 

Тренингте қатысушыларға не үйретеді?

  • Діни сенім бостандығы мен діни әралуандылық тақырыбы бойынша контент жасаудың конфликт-сезімтал қыры;
  • Діни сенім мен діни әралуандылық мәселелерінің әр елдегі ерекшелігі;
  • Қазақстанда діни сенім бостандығы мәселелері бойынша ақпарат тарату заңнамасы;
  • Осы тақырыптар бойынша стори жасау, препродакшн мен продакшн, сторителлинг машығын дамыту;
  • Сезімтал оқиғалардан ақпарат таратудың этикалық әдіс-тәсілі; 
  • Digital қауіпсіздік принциптері бойынша базалық білім; 
  • Тренингке қатысушылар Қазақстандағы діни қауымдастық өкілдерімен танысып, тренинг аясында және тренингтен кейін де контент жасауға қажет байланыс орната алады;
  • Тренингке қатысушыларының осы тақырыптарда материал жасауға қажет байланыс нөмірлерінің базасын (сарапшылар, мемлекеттік өкілдер, діни қауымдастық өкілдері) жасауға мүмкіндігі бар. 

Тренингті кім өткізеді?

Тренингті екі негізгі білікті тренер, SCARF жобасының тренерлерге арналған тренингінің түлектері, сондай-ақ, заңнама, дінтану, digital қауіпсіздік саласының және аудиторияға контент жеткізу құралдарын білетін мамандары өткізеді. 

Тренинг қатысушыларынан не күтеміз?

  • Тренингтің барлық сессиясына қатысу (офлайн және онлайн);
  • Тренерлер мен сарапшылардың тәлімгерлік қолдауына сүйеніп, тренинг аясында кемі бір материал дайындап, жариялау;

Әйтпесе, ұйымдастырушылар тренингке қатысқаны жөнінде сертификатты бермеуге құқылы.

Тренинг мерзімі мен форматы

Тренингтің жалпы ұзақтығы 10 күнге жалғасып, екі түрлі форматта: біріншісі офлайн форматта (Алматыда, 24.04.2023-28.04.2023) болады, екінші бөлігі ZOOM платформасында онлайн өтеді(15.05.2023-19.05.2023). Internews офлайн тренингке қатысу шығынын, яғни басқа қаладан келетін қатысушылардың жатын орын, жолақы шығынын өтейді. 

Грант

Тренинг соңында қатысушылар діни сенім бостандығы мен діни әралуандылық тақырыбында медиажоба жасауға не материалдар сериясын дайындауға грант беретін байқауға қатыса алады. Үздік өтініштерлі тәуелсіз қазылар алқасы таңдап, қаржыландырады.  

Тренингке қатысу үшін қалай өтініш береді?

Тренингке қатысу байқауына мына құжаттарды ұсыну қажет: 

  • толтырылған онлайн-өтініш
  • мотивациялық хат (бір беттен аспайтын). Өтініш беруші мотивациялық хатында осы тренингке неліктен қатысқысы келетінін, діни сенім бостандығы тақырыбына деген көзқарасын, осы тақырып бойынша кәсіби тәжірибесін айтып, жариялаған жұмыстарын (сілтемесі) көрсетуі керек;
  • Түйіндеме; 
  • Редакция хатында (редакцияда жұмыс істесеңіз) жұмыс берушіңіз тренингке қатысуыңызға қарсы емес екені және тренинг аясында дайындаған материалыңызды сол медиада жариялауға келісім бергені жазылады.
  • фрилансер мен блогерлерден растау хаты талап етілмейді, сіздің өтініш бергеніңіз тренингке қатысу талаптарына келіскеніңізді білдіреді. 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Барлық құжатты онлайн-өтінішке тіркеу қажет. Өтініш толық болмаса, өтініштер автоматты түрде техникалық іріктеуден өтпейді және байқауға қатыстырылмайды. 

Жоба туралы: 

SCARF жобасы медиасарапшылар пулын оқыту мен қолдау арқылы жергілікті медиамамандардың жоғары сапалы контент жасау әлеуетін арттыруға көмектеседі. Контент-мейкерлер, журналистер мен редакторларға діни сенім бостандығына байланысты сезімтал тақырыптар бойынша ақпарат таратуды үйрететін тренингтер өткізеді. Жоба аясында медианың иклюзив контент жасауына және осы тақырып бойынша сезімтал мәселелерді түсінуіне көмектесу үшін діни бірлестік өкілдерімен, сарапшылармен өзара іс-қимыл қарастырылған.

Өтініш қабылдау 9 сәуір, Астана уақытымен сағат 18.00-де аяқталады. 

Қосымша сұрақтар туындаса,  zakhmatova@internews.org поштасына жазсаңыз болады.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи