Internews Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында 2023 жылы жазда Қазақстанда зерттеуші журналистерге арналған Орталық Азия аймақтық конференциясын ұйымдастырып, өткізетін серіктес(тер)ді іріктеу конкурсын жариялады.
Конкурсқа кімдер қатыса алады?
Журналистер мен блогерлерді оқыту жобаларын басқару тәжірибесі бар, тұрақты жұмыс істеп келе жатқан, белгіленген міндет-мақсатын орындай білетін, тиімді жоба менеджментіне ие қазақстандық ұйымдарды қатысуға шақырамыз.
Қандай іс-шара қолдау табады?
Осы конкурс аясында өтініш берушілер 2023 жылғы маусымда Алматы қаласында зерттеуші журналистерге арналған аймақтық конференция өткізу бойынша идеясын ұсынуына болады.
Өтініш беруші мына сұрақтарға нақты әрі анық жауап беруі керек:
– Конференцияны қалай ұйымдастырады (концепциясы мен негізгі мән-жайы)?
– Орталық Азия елдерінен қатысушыларды іріктеу процессі қалай өтеді?
– Іс-шараның бағдарламасы қандай болады?
– Конференцияға қатысатын спикер, тренер мен сарапшыларды қалай іріктейді?
– Конференция қашан және қайда өтеді?
– Нәтижесі қандай болады?
– Жобаның тұрақтылығына қалай қол жеткізеді?
– Алдын ала бюджеті қандай? және т.б.
Өтінішті қалай береді?
Өтініш қабылдау 2023 жылғы 24 наурыз, Астана уақытымен сағат 18.00-де аяқталады. Конкурсқа қатысу үшін өтініш формасы мен бюджет парағын толтырыңыз. Жібермес бұрын, өтініш формасында жоғарыда аталған тармақтың барлығына жауап бергеніңізді және бюджет парағына шығыс бөлігін көрсеткеніңізді мұқият тексеріңіз.
Қандай да бір сұрақ туындаса, kz-info@internews.org эл.поштасына хат жазыңыз. Хат тақырыбын «Зерттеуші журналистерге арналған аймақтық конференцияны ұйымдастыру және өткізу» деп көрсетіңіз.
Өтініштерді қалай бағалайды?
Сарапшылар кеңесі келіп түскен өтініштің барлығын қарап, мына критерийлер бойынша бағалайды:
- Ұсынған іс-шара жоспарының байқау мақсаты мен зерттеуші журналистер қауымдастығының талап-тілегіне сай келуі;
- Нақты бюджет;
- Өтініш берушінің журналистерді оқыту жобаларын іске асыру тәжірибесі – әлеуетті өтініш берушілердің тәжірибесі 3 жылдан кем болмауы керек;
- Зерттеу журналистикасының ерекшеліктерін түсінуі;
- Зерттеуші журналистермен әрі қарай байланыс орнату мүмкіндігі.
Бұл жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында жүзеге асады.