Қазақстан мен Тәжікстанда азаматтық журналистер желісін құруға грант байқауының жеңімпаздары анықталды. Байқауға, Қазақстаннан (15) және Тәжікстаннан (5), барлығы 20 өтініш келіп түсті.
Қазақстан мен Тәжікстан медиасарапшыларынан жасақталған халықаралық қазылар алқасы үміткерлерді мына 7 критерий бойынша бағалады:
- медианың орнықтылығы;
- азаматтық журналистермен жұмыс істеу тәжірибесі;
- сол медиада / сол аймақта компонент мақсаттарына жету тұрғысынан азаматтық журналистер желісін құрудың қажет екенін нақты негіздеу;
- журналистерді оқыту тәжірибесі;
- Internews-тің грант қолдауынсыз орнықтылыққа жету жоспары;
- азаматтық журналистерді оқытуға дайын болуы;
- азаматтық журналистерді тарту және таңдау бойынша нақты стратегиясы;
Жеңімпаздар тізімі:
Қазақстан
- Minber.kz
- ProTenge.kz
- «Наша жизнь»
Тәжікстан
- «Азия-Плюс»
- SugdNews ақпарат агенттігі
- «Пайванд» радиостанциясы
Жеңімпаз редакцияларға қолдаудың мына түрлері ұсынылады:
- азаматтық журналистер желісін үйлестірушілерді қаржылай қолдау;
- бастапқы кезеңде азаматтық журналистер желісіне қатысушылардың гонорарын төлеуге грант;
- құрылған азаматтық журналистер желісін үйлестірушілерге қашықтан тәлім беру;
Қандай да бір сұрақ туындаса, мына эл.поштаға жазыңыз:
Қазақстан: kz-info@internews.org
Тәжікстан: tj-info@internews.org
Бұл жоба Америка халқының АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы көрсеткен қолдауы арқасында мүмкін болып, USAID қаржылай қолдауымен Internews жүзеге асыратын Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында жүзеге асады. Мазмұны USAID не АҚШ үкіметінің көзқарасына сай келмеуі мүмкін.