ОқиғаларҚазақстандағы медиа тұтыну және медиасауат зерттеуі қорытындысының презентациясы өтеді

Қазақстандағы медиа тұтыну және медиасауат зерттеуі қорытындысының презентациясы өтеді

Internews Қазақстандағы медиа тұтыну және медиасауат зерттеуінің қорытындысын таныстыратын презентацияға шақырады!

Қазақстанның 2021 жылғы медиа тұтыну бойынша жалпы трендтерін 2019 жылғы зерттеуімізбен салыстыра отырып айтамыз. Телевизия, интернет және әлеуметтік желілер сегментінің көрсеткіштерін ұсынамыз.  Қазақстандықтардың түрлі ақпарат көздеріне сенімін және өзінің медиа-ақпарат сауаттылығын қалай бағалайтынын да талдаймыз.

Зерттеу презентациясы Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында офлайн форматта өтеді. Зерттеуді USAID қаржылай қолдауымен Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында Internews жүргізді.

Презентацияға офлайн да, онлайн да қатысу үшін тіркелу қажет. Іс-шарада мына және тағы басқа сұрақтарға жауап аласыз: 

  • Екі жылда қандай әлеуметтік желілердің танымалдылығы артты?
  • Тұтынушылар қай медиаға көбірек сенеді: мемлекеттік, жеке немесе шетелдік?
  • Ақпараттық қауіп-қатерден қорғана білетіндер қатары артты ма, азайды ма?
  • Қазақстандықтардың медиа тұтыну және медиасауат бойынша Өзбекстан мен Тәжікстандағы көршілерден қандай ерекшелігі бар?

Бір қызығы – екі жылда Қазақстанда телевизияны негізгі ақпарат көзі санайтындар үлесі 2 есе төмендеп, әлеуметтік желілер бірінші орынға шықты.

Осы уақыт аралығында жаңалықтар бағдарламасын тұтыну көрсеткіші жаппай азайып, ойын-сауық бағдарламаларын тұтынатын және контентке ақы төлеуге дайын аудитория саны өсті.

ТІРКЕЛУ ҮШІН СІЛТЕМЕГЕ ӨТІҢІЗ.

Алматы. 21 маусым, сағат 11:00. «SmArt.Point Almaty» конференц-залы. (Байзақов көш., 280)

Нұр-Сұлтан. 22 маусым, сағат 11:00. Sheraton Nur–Sultan отелі (Сығанақ көш., 60/1)  

Онлайн. 21 маусым. 11:00. Онлайн қатысуға да тіркелу қажет. Қазақстандағы Internews өкілдігінің YouTube-арнасынан жабық сілтеме бойынша трансляция жасалады.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи