ОқиғаларInternews ұйымдастыратын «Медианың аудиториясын ұлғайтуға бағытталған форматтар» вебинарына тіркелу басталды

Internews ұйымдастыратын «Медианың аудиториясын ұлғайтуға бағытталған форматтар» вебинарына тіркелу басталды

Internews өкілдігі 2022 жылғы 27 қаңтар, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17:00-де, Душанбе уақытымен сағат 16:00-де ашық вебинар өткізеді. Вебинарда «Бумага»  басылымының коммерциялық директоры Мария Рзаева (Санкт-Петербург) медианың жобаларына аудитория тарту форматтары туралы айтады.

Аудитория ауқымын ұлғайтуға бағытталған жобалар медианың аудиториясын арттырып ғана қоймай, редакция аудиториясынан белсенді қауымдастық құруға көмектеседі. Мұндай жобаларды жүзеге асыра отырып, сарапшы-серіктестер тауып, медианың бастамаларын монетизацияға шығарудың жаңаша форматын жасап, медиаға пайдасы тиер тағы басқа шаруаларды жүзеге асырасыз. 

Вебинарда аудитория ауқымын ұлғайтуға бағытталған медиа форматтардың мүмкіндігін талқылап, медиа аудиториясынан белсенді қауымдастық құрудың тиімді стратегияларын қалай әзірлеуге болатыны жөнінде әңгімелесеміз. 

Аудитория ауқымын ұлғайтуға бағытталған онлайн және офлайн форматтардың түрлі мысалын қарастырамыз. Бұған қоса аудитория ауқымын ұлғайтуға бағытталған жобаларды жүзеге асыру үшін Қазақстандағы және Тәжікстандағы Internews өкілдіктерінен қаржылай қолдау алу мүмкіндіктерін де айтамыз.

Айта кетейік, биыл аудитория ауқымын ұлғайтуға бағытталған жобалар «Шағын грант» байқауында таңдалады. Бұл байқауға Тәжікстанда қалай қатысуға болатыны мұнда жазылған. Ал Қазақстандағы медиаға арналған «Шағын грант» байқауы ақпанда жарияланады.

Вебинар Zoom платформасында өтеді, қазақ, тәжік және өзбек тілдеріне синхронды аударма жасалады.

Қатысу үшін онлайн-өтінішті толтырыңыз.

Бұл жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында жүзеге асады. 

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи