БайқауларInternews медиасауат дамытуды қаржылай қолдау байқауын жариялады

Internews медиасауат дамытуды қаржылай қолдау байқауын жариялады

Күнделікті тұтынатын ақпаратымыздың шынайылығына талдау жасап, рас-өтірігін анықтай білеміз бе? Қызық контент жасай аламыз ба? Заманауи медиа арқылы қоғам өміріне тиімді араласамыз ба? Қазіргі адам мұндай қажет машықтың барлығын медиа-ақпараттық және цифрлы сауат арқылы игереді.

Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстанның медиа-ақпараттық және цифрлы сауат машықтарын танытуға қызығатын тұрақты медиа, коммерциялық емес, қоғамдық және білім беру ұйымдары, мемлекеттік емес театр және көркемөнер ұжымдары, қауымдастықтар 2022 жылы мына жобаларды жүзеге асыруға қаржылай қолдау ала алады:

  • тұрақты кәсіби журналистік ұйымдардың медиасауат бойынша түрлі жанрда контент жасауы: яғни медиа-ақпараттық сауат және цифрлы сауат бойынша сұхбаттар, шағын роликтер, комикстер, мемдер және т.б.;
  • медиасауат машықтарын ойын-сауық форматында танытатын қойылымдар: залдағы көрермендердің белсенді қатысуымен орындалатын пьеса, перфоманс, мюзикл және т.б.;
  • жұртшылықтың түрлі топтарына киносауат тренингтерін өткізу;
  • медиа-ақпараттық және цифрлы сауат бойынша вижуал құралдар мен ойындар, квиз, викторина және т.б. жасау;
  • интернетте, қоғамдық орындарда халықтың түрлі топтарына тарататын медиа-ақпараттық және цифрлы сауат бойынша постерлер дайындап, шығару.

Аталған үш елдің қай-қайсысынан да жолданатын барлық жоба өтініштері сол мемлекеттің мемлекеттік тілін, сондай-ақ ұлтаралық қатынас тілін де пайдаланатын аудиторияның мүддесін ескеруі керек.

Барлық жоба 2022 жылғы тамыздан кешіктірілмей орындалуы шарт.

Ең айтулы жобалық өтініш авторлары 2022 жылғы ақпанда өтетін MediaCAMP Эдьютонына шақырылады. Қатысушылар тәжірибелі менторлардан тәлім алып, жобаларын қаржылай қолдау байқауының шарттарына толық сай келгенше жетілдіреді. Жоба қорғау ашық форматта өтіп, қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды.

Байқауға қатысу үшін 2022 жылғы 24 қаңтар, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 23:59-ға дейін өтінішті толтырып, жіберіңіз.

Internews өкілдері өтініштерді қарап, 2022 жылғы 27 қаңтардан кешіктірмей кімдер Эдьютонға шақырылатыны туралы шешім қабылдайды. Барлық өтініш берушінің электронды поштасына 2022 жылғы 28 қаңтардан кешіктірмей хабар жібереді.

2022 жылға медиасауат бойынша жоспарланған жобалар жөнінде жан-жақты ақпарат білгіңіз келсе, 20-желтоқсан, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 16:00-де басталатын инфосессияға шақырамыз. Сілтемеге өтіп, тіркелу керек.

24 желтоқсан, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 11:00-де өтініш бергендерге арналған жабық сессия болады.

Қандай да бір қосымша нақтылайтын сұрағыңыз болса, Central-Asia-Applications@internews.org эл.поштасына хат жазыңыз. Хат тақырыбына «Медиасауат бойынша жобалар» көрсетіңіз.

Жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында жүзеге асады.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи