БайқауларЖурналистиканың негізгі машықтары тренингіне өтініш қабылдау басталды

Журналистиканың негізгі машықтары тренингіне өтініш қабылдау басталды

Internews қызметін жаңадан бастаған журналистерді, журналистика факультетінің студенттері мен түлектерін журналистика негіздерін оқып-үйренуге және негізгі принциптерін меңгеруге шақырады. Бес күндік интенсив курс Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан өтініш берушілерге арналған. 

Ұлыбритания, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан мен Өзбекстанның үздік медиатренерлері және сөз шеберлері мына машықтарды үйретеді: 

  • жаңалық дегеніміз не, ақпарат ағынынан қажет әрі ең құнды мәліметті қалай сүзіп алуға болады?
  • ақпарат берушімен дұрыс қарым-қатынас және ақпараттың шынайылығын тексеру;
  • оқиғаны жариялағанда және жаңалық кейіпкерлерімен өзара қарым-қатынас барысында этика нормаларын бұзбау;
  • аудитория қызығушылығын ескере отырып ақпарат дайындау. 

Сабақтар 2021 жылдың 26 мамыры — 4 маусымы аралығында күнара кешкі уақытта онлайн режимде өтеді. Курс аяқталған соң материалдарыңызды ойдағыдай дайындау үшін төрт апта тәлімгер көмегі мен қолдауын алуға мүмкіндігіңіз бар. 

Оқу орыс тілінде болады. Қазақ, тәжік және өзбек тілдеріне ілеспе аударма жасалады. 

Тренингке қатысу — тегін. Қатысушыларды жіберген өтінішіне қарап, іріктейді. Ынта-ықыласы жоғары, кәсіби журналистикамен айналысуды мақсатына айналдырған не БАҚ-та жұмыс істейтін үміткерлер басымдыққа ие болады. 

Журналистиканың негізгі машықтарын үйрететін тренингке қатысу үшін онлайн-өтінішті толтырыңыз. Өтініш қабылдау 2021 жылдың 19 мамыры, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 19:00-де аяқталады. 

Тренингтің ең белсенді қатысушылары ел деңгейінде өтетін тереңдетілген оқу бағдарламасына қатысып, оқуын жалғастыра алады. Аймақтық және халықаралық журналистика жұлдыздары қатысатын шеберлік сабақтары мен уоркшоптарға шақырылады. 

Қандай да бір сұрағыңыз болса, Central-Asia-Applications@internews.org эл.поштасына хат жазыңыз. Хат тақырыбын «Негізгі машықтар бойынша сұрақ» деп көрсетіңіз. 

Тренинг Internews серіктестерімен бірге ұйымдастырылады: T.B.D company (Қазақстан) Khoma.tj (Тәжікстан).

Жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен MediaCAMP — Орталық Азия бағдарламасы аясында жүзеге асады.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи