БайқауларInternews Журналистиканың негізгі машықтары тренингін өткізуге серіктес іздейді

Internews Журналистиканың негізгі машықтары тренингін өткізуге серіктес іздейді

Internews өкілдігі MediaCAMP бағдарламасы аясында Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстанда қызметін жаңадан бастаған журналистерге журналистиканың негізгі машықтарын оқытатын аймақтық онлайн-тренинг өткізу және ұйымдастыруға байқау жариялады. Тренинг серіктестері үш елдің әрқайсысынан байқау арқылы анықталады.

Өтініштер 2021 жылғы 31 наурыз, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 19:00-ге дейін қабылданады.

Кімдер серіктес бола алады?

Медиа білім беру саласында кемі бір жылдық жұмыс тәжірибесі бар медиа, продюсерлік компаниялар, коммерциялық емес және коммерциялық, медиа және қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылар серіктестікке шақырылады.

Тренинг бағдарламасы Internews-пен бірлесе жасалады. Ұсыныстары, идеялары мен жоба-жоспары бар әлеуетті серіктестер қосымша артықшылыққа ие болады.

Тренинг бағдарламасы кімдерге арналған?

Қатысушыларды іріктегенде редакцияда жұмыс істей алатын не тәуелсіз автор болатын қызметін жаңадан бастаған журналистерге басымдық беріледі. Қатысушылар құрамының гендерлік тепе-теңдігі сақталуына назар аударамыз және елдің түрлі өңірінен өтініш берушілерді тартуға шақырамыз.

Тренинг қазақ (тәжік, өзбек) және орыс тілдерінде өтуі міндетті.

Тренинг қандай форматта болады?

Тренинг онлайн форматта өткізіледі, бағдарламасына мыналар кіреді:

  • Тренерлермен интерактив сессиялар;
  • Қатысушылар материалды өз бетінше зерттейді;
  • Онлайнда жеке тәлімгерлік;

Тренинг бағдарламасы Internews-тің бас тренермен бірлесіп, аймақтық деңгейде жасалады. Бағдарламада жалпы аймақтық сессиялар қарастырылған. Тренингтен кейін іс-тәжірибеден өту және ментор қолдауы міндетті.

Әлеуетті серіктестерден не күтеміз?

  • Internews және бас тренермен бірлесіп, тренинг бағдарламасын жасауға қатысу;
  • Қатысушылар жинау және финалистерді таңдау. Бұған Internews қатысады;
  • Отандық компонент бойынша тренинг ұйымдастыруға қатысу және өткізу;
  • Қатысушылармен ұдайы байланысып отыру және оқу процессін үйлестіру;
  • Қатысушылардың өз бетінше жұмыс істеу, үй тапсырмасын орындау кезінде және тренинг аяқталғаннан кейін де оларға ментор қолдауын көрсету;
  • Қатысушыларды шақыру және іріктеу әдістемесі;
  • Тренинг аяқталғаннан кейін ментор қолдауы;
  • Тренинг кезінде ұлт тілдеріне синхронды және жазбаша аударма жасауды ұйымдастыру;
  • Қатысушылардан пре және пост тест, атқарылған жұмыс есебін дайындау;
  • Сол елдің ұлттық тілін және орыс тілін жетік білу.

Жобаны орындау мерзімі

Аймақтық тренинг онлайн-форматта қатарынан бес күн өтеді (қарқынды оқуға күн сайын 3-6 сағат).

Қызметін жаңадан бастаған журналистерден өтініш қабылдау 2021 жылғы 20 сәуірге дейін аяқталуы керек.

Алдын ала жоспар бойынша, тренинг 2021 жылғы мамырда өтеді.

Әлеуетті серіктестерді іріктеу екі кезеңнен тұрады: 

1) Өтініш берушінің әлеуетін, медианарық сұраныстарын түсінуін, ұсыныстарының жаңашылдығын бағалау. Байқауға қатысушылардың қысқа тізімі анықталады.

2) Қысқа тізімге енген өтініш берушілер әңгімелесуден өтеді.

3) Internews соңғы шешімді 2021 жылғы 5 сәуірден кешіктірмей қабылдайды. Финалистер онлайн-тренинг өткізуге қатысуы бойынша алдын ала бюджет және аймақтық онлайн-тренинг бағдарламасына ұсыныстарын дайындауы керек.

Байқауға өтініш жіберу үшін онлайн-өтінішті толтырыңыз. Қажет болған жағдайда қосымша ақпарат сұратамыз.

Қандай да бір сұрақ туындаса, kz-info@internews.org эл.поштасына хат жазыңыз.

Жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен “MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы” аясында жүзеге аспақ.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи