Аудитория көлемін ұлғайтуға және аудиториямен қарым-қатынасты жандандыруға бағытталған грант қоғамдық ұйымдармен бірігіп, әлеуметтік бағыттағы жобаны жүзеге асыруға және жүзеге асырып жатқан жобаларын жалғастыруға мүмкіндік береді.
Бұл байқауға медиа не үшін қатысуы керек?
- белсенді аудиториясын ұлғайтып, жаңа оқырмандар (тыңдарман, көрермен) табуға, іс-шара, акциялар және т.б. жиындарға белсенді қатыстыру үшін;
- қоғамдық ұйымдардың сарапшыларымен өзара тиімді ұзақмерзімді әріптестік орнату үшін;
- аудиториямен ортақ жоба жасау арқылы нақты әлеуметтік проблемаларды шешу үшін.
Аудиториямен бірлесе жүзеге асыруға бағытталған медиажобалардың форматы әртүрлі болуы мүмкін: онлайн/офлайн-акциялар, материалдар сериясы, сауалнамалар, байқаулар, әлеуметтік топтармен қайырымдылық қаражатын (заттарын) тарту бойынша жұмыс, дәрістер өткізу, еріктілер іс-шарасын ұйымдастыру және т.б.
Internews 2020 жылы Қазақстанда еріктілер қозғалысын күшейту, жергілікті өзін-өзі басқару және тағы басқа бағыттағы бастамаларды қолдады. 2019 жылғы байқау жеңімпаздары реалити-шоу түсіріп, онлайн-флешмоб өткізді.
Марина Низовкина, «Мейірім кәрзеңкесі» (аудиторияны ұлғайтуға арналған грант, 2020 жыл) жобасы:
— “Жобамыз қала тұрғындарын мұншалық қатты қызықтырады, сюжеттер көп қаралады, ең бастысы бұл жоба адамдардың қиын жағдайдан шығуына көмектеседі”, деп күтпедік. Жобаны орындау кезеңінде чатқа 50 адам жиналды. Осы чатта еріктілерді, белсенділерді, қоғам көшбасшыларын және қайырымдылық қозғалысы өкілдерінің басын қоса алдық. Бұрын олар бөлек, өз бетінше жұмыс істесе, чатымыз бен сайттағы жарияланымдарымыздың көмегімен бәрі бір ортаға бірікті. Қиын жағдайдағы шымкенттіктер туралы материалдарымыз ақпараттық материалдарға қарағанда көбірек қаралым жинады.
Тәжікстанда аудитория ауқымын ұлғайтуға бағытталған жобалардың түрткі болуымен, қараусыз қалған үй жануарларының проблемасы туралы пікірталас туды.
Белгілі душанбеліктер “ИРОДА” аутизммен ауыратын адамдар құқығын қорғау орталығының жасөспірімдеріне кәсіби және өмірлік тәжірибесін бөлісетін “Тәлімгерлер” жобасы жасалды.
— Жарнама индустриясы саласында көп тәжірибем бар. “Тәлімгерлер” жобасында кәсіби машығымды әлеуметтік бастамаларды танытуға қолдандым. Маған өте ұнады, әлеуметтік жобаларға мұндай қолдау қажет екенін түсіндім,-дейді “Лиму Медиа” жетекшісі әрі Душанбедегі “Тәлімгерлер” жобасының авторы Лайло Тагаева.
— Жүзеге асырған жобамыз иесіз үй жануарларын қорғауға арналған. Жобамызға қатысқысы келетін адамдардан құралған қауымдастығымызды аз уақыт ішінде айтарлықтай ұлғайттық. Мысалы, Facebook әлеуметтік желісіндегі тобымыздың мүше саны 2 мыңнан 4,5 мыңға артты. Иесіз үй жануарларын қорғауға қайырымдылық жасайтын адамдар саны да өсті. Иесіз үй жануарлары проблемасына коммерциялық құрылымдар назар аударды,-дейді “Вечёрка” медиасының бас редакторы Гульнора Амиршоева. Бұл медиа “Пешсаф” ҚБ-мен бірігіп, 2020 жылы аудитория қатысатын жобаны жүзеге асырды.
Internews 2021 жылы барлығы бес жобаға қолдау көрсетеді. Әр жобаны медиа мен қоғамдық ұйым бірігіп, орындауы керек. Бір жобаға сомасы 3000$-ға дейін (1 126 000 тг, 34 176 сомони) грант беріледі.
Байқау жеңімпаздарына жобаны жүзеге асырудың барлық кезеңінде Internews кураторлары көмектеседі, халықаралық сарапшылардан қолдау алады.
Медиа мен қоғамдық ұйым идеясын жүзеге асыру немесе басталған жобаға грант қолдауын алу үшін онлайн-өтінішті толтыру керек.
Назар аударыңыз: өтініште серіктес ұйымды көрсету міндетті. Жобаны жүзеге асыру кезінде серіктес ұйым қосылатын болса, онда медиа немесе қоғамдық ұйым атынан жекелей өтініш жіберуге болады,
Қоғамдық ұйымдар ұсынатын жобасын серіктес медиамен бірге жүзеге асыратын болса, өтініш бере алады.
Байқауға қатысу үшін 2021 жылғы 1 наурыз, Алматы уақытымен сағат 24:00-ге дейін онлайн-өтінішті толтырыңыз.
Internews 2021 жылғы ақпанда осы жобаға қатысты вебинарлар сериясын өткізеді. Вебинарлардың негізгі тақырыбы – аудитория ауқымын ұлғайту.
Шешім қабылдамас бұрын авторлармен онлайн-талқылау өткізілуі мүмкін.
Қандай да бір сұрақ туындаса, мына эл.поштаға хат жазыңыз:
Қазақстан: kz-info@internews.org
Тәжікстан: tj-info@internews.org
Хат тақырыбын “Аудиторияға арналған грант” деп көрсетіңіз.
Бұл жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен “MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы” аясында жүзеге аспақ.