БайқауларБілім жүйесінің проблемаларына арналған Content Lab өткізуге байқау

Білім жүйесінің проблемаларына арналған Content Lab өткізуге байқау

Internews MediaCAMP бағдарламасы аясында Қазақстандағы білім беру жүйесінің проблемаларын баяндайтын медиажобалар жасау жөнінде контент-лаборатория өткізуге конкурс жариялайды.

Өтініштерді қабылдаудың соңғы күні — 25 желтоқсан 2019 жыл.

Серіктестікке білім беру іс-шаралары мен мазмұнды зертханаларды өткізуде тәжірибесі, тұрақты командасы бар ұйымдар шақырылады. Білім беру саласындағы кез-келген тәжірибе өтінішті қарау кезінде қосымша қажет болады.

Контент-лаборатория дегеніміз не?

Бұл — журналистерге арналған жоба. Соның аясында олар Қазақстандағы білім беру жүйесінің мәселелерін баяндайтын медиаконтент немесе кампания әзірлейді. Кампанияны нығайту үшін контент-лабораторияға сарапшылар, ғалымдар, зерттеушілер және білім беру саласының мамандары шақырылады.

Контент-лабораторияны ұйымдастырушының міндеттері:

  • Internews ұсынатын контент-лаборатория өткізу әдістемесіне негізделген білім берудің үш күндік контент-лаборатория бағдарламасын жасау;
  • Лабораторияның тәлімгерлері (менторлары) мен тренерлерін таңдап, шақыру;
  • Ашық конкурс арқылы Қазақстанның барлық қалаларынан 25 қатысушы жинау. Олардың арасында журналистер, білім саласындағы сарапшылар болуы керек.
  • Білім берудің мәселелері тақырыбында контент-лаборатория және қатысушылардың үздік медиакампаниясын анықтайтын байқау өткізу. Финалистерге кампанияны ұйымдастыруға, контент жасауға грант алу мүмкіндігі беріледі.

Өтінішті қалай жібереді?

Онлайн өтінішті 2019 жылдың 25 желтоқсанына дейін толтырыңыз.

Internews өтініштерді қарап, жеңімпазды 2020 жылдың 10 қаңтарына дейін анықтайды. Барлық үміткердің электронды поштасына 2020 жылдың 15 қаңтарынан кешіктірмей хабар жолданады. Қажет болса, қосымша ақпарат сұратамыз.

Барлық сұрақ бойынша kz-info@internews.org электронды поштасына хат жазып, жауабын білуге болады.

Жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Орталық Азиядағы MediaCAMP бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи