ОқиғаларШвеция соттары мен журналистерінің қарым-қатынасы. Стади-тур қорытындысы

Швеция соттары мен журналистерінің қарым-қатынасы. Стади-тур қорытындысы

Швеция соттарында фотовидеотүсірім жасауға неліктен тыйым салынған? Егер мемлекеттік органдар жергілікті журналистердің қызметіне араласса, онда не болады? Швецияда мемлекеттік БАҚ бар ма? Қазақстан журналистері мен судьялары осы сұрақтардың жауабын білу үшін Стокгольмге аттанды.

Пресс-турға барлығы сегіз адам: төрт журналист және төрт судья қатысты. Қатысушылар қатарына іліну үшін журналистер іріктеуден өтті. Ұйымдастырушылар журналистің сот процесстерінен хабар тарату тәжірибесіне және осы бағытта әрмен қарай даму ықыласына мән берді. Нәтижесінде, студи-турға журналистер қатарында Tengrinews.kz ақпарат порталының журналисі Асель Сатаева (Нұр-Сұлтан), «Отырар TV» телеарнасының жаңалықтар редакторы Динара Бекболаева (Шымкент), «Ақжайық» газетінің журналисі Нұргүл Хайруллина (Атырау) және ИнформБюро.kz ақпарат порталының журналисі, Қазақстан сот журналистері Лигасының мүшесі Серікжан Мәулетбай (Алматы) қатысты.

Ал судьялар Швецияның сот жүйесімен танысуға кімдер баратынын өздері шешті. Судьялар қатарына ҚР Жоғарғы сотының судьясы Елена Максюта (Нұр-Сұлтан), Ақмола облыстық сотының баспасөз-хатшысы Күләш Домалақова (Көкшетау), Нұр-Сұлтан қалалық тергеу сотының судьясы Нариман Бекназаров (Нұр-Сұлтан) және ҚР Жоғарғы сотының баспасөз-қызметі жетекшісі Айдос Сәдуақасов (Нұр-Сұлтан) енді.

— Пресс-турдың бағдарламасын барлығына да пайдалы болатындай етіп жасадық: судьялар Швецияда журналистер сот процестерінен қалай хабар тарататынын көреді, ал журналистер Швецияның сот жүйесі қалай жұмыс істейтінін біледі. Редакцияларға, ньюсрумдарға, жаңалықтар студиясына, Швециядағы медиа жұмысын бақылайтын мемлекеттік органдарына бардық, тіпті нақты бір қылмыстық іс бойынша өткен сот процесіне де қатыстық,-дейді Қазақстандағы Internews өкілдігінің заңгері Ольга Диденко.

Пресс-тур қатысушылары пресс-омбудсмен Керсти Содербергпен кездесті. Ол жергілікті БАҚ жұмысына қатысты туындаған сұрақтарды және дауларды шешеді. Швецияда сотқа жүгіну өте қымбатқа түседі: талап беруші жеңіліп қалса, онда жауапкердің барлық шығындарын төлеуге міндетті. Сондықтан да адамдар, компаниялар медиа атына талап арыз түсіру үшін сотқа дейінгі реттеу жөніндегі арнайы комиссияға жүгініп, бейбіт жолмен шешуге тырысады. Пресс-тур қатысушылары Қазақстанда да дауларды сотқа дейінгі шешу жүйесі қажет екені туралы ортақ пікірге тоқайласты.

Швецияда мемлекеттік медиа жоқ, бірақ екі телеарна және бір радиодан құралған SVT қоғамдық хабар таратушысы бар. Қазақстандық журналистер мен судьялар стади-турдың екінші күні осы қоғамдық хабар таратушының кеңсесіне барды. Мемлекеттік орган өкілдерінің ешқайсысы осы және басқа да БАҚ-тың редакциялық саясатына ықпалын жүргізе алмайды. Медиаға нені жазып, нені айтып, нені көрсету керегін нұсқамақ болса, онда мұның соңы дауға ұласып, сол лауазымды тұлғаның қызметінен кетуімен аяқталады. Швецияда қоғамдық телевидениеге сенімнің бір себебі де осында жатыр.

Стади-тур қатысушылары үшін жаңалыққа толы күн – стади-турдың ақырғы үшінші күні болды: олар Стокгольмде Швецияның Мәдениет министрлігі өкілдерімен кездесіп, Стокгольмдегі Solna муниципалитетінің сотына және Швецияның Журналистер одағына барды.

Швецияның Мәдениет министрлігі төрт түрлі бағытта жұмыс істейді, соның бірі БАҚ қызметімен байланысты.

— Біздің ең бірінші және ең басты мақсатымыз – БАҚ алуандығын қамтамасыз ету. Бұл технологиялық мәселелерге де қатысты. Швеция үкіметі БАҚ қалай болуы керегін тікелей көрсетіп, тікелей нұсқау бере алмайды. Мәдениет министрлігі БАҚ тәуелсіз болу керегін үнемі айтады, және осы ұстанымды үкімет алдында әрдайым қорғайды,-дейді Мәдениет министрі Филиппа Арвас.

Стокгольмдегі Solna муниципалитеті сотының төрағасы Патрик Альм өзінің қатысуымен телеарнада өткен бағдарламаны көрсетіп жатыр

Стокгольмдегі Solna муниципалитеті сотының төрағасы Патрик Альм сот пен медианың өзара әрекеттесуіне қатысты қызық тәжірибесін баяндады. Судья пресс-релиздерді өзі жазады екен. Айтуынша, 50 беттік қылмыстық істі бір бетке сыйғызу қиынның қиыны. Сондай-ақ, Патрик Альм жақында SVT телеарнасындағы ұлттық жаңалықтар эфиріне шығып, бір қылмыстық іс туралы айтып беріпті. Бұл судья үшін үлкен оқиға болыпты. Эфирге шығуға ұзақ дайындалған екен. Барлық отбасы мүшелері эфирді көру үшін бірге жиналыпты. Ол мұны мақтан тұтады. Делегация қатысушылары екі елдегі айырманы бірден байқап, атап өтті: Қазақстанда сот жүйесінің өкілдерін БАҚ-қа пікір беруге көндіру өте қиын.

Айтқандай-ақ, 1940 жылдан бастап Швецияда сот залынан фотовидеотүсірім жасауға заңмен тыйым салынған. Тек аудио жазып алуға болады. Мұндай тыйым сот процесіне қатысушылардың құқықтарын қорғау үшін енгізілген.

Қазақстан делегациясы сот залынан шығып, Швецияның Журналистер одағына барды. Одақ құрамында 14 500 журналист бар. Швецияда журналистер «Сөз бостандығы туралы» заңмен қорғалған. Мемлекеттік органдар БАҚ-тың ресми сұраным хатына 2 күн ішінде жауап беруге міндетті. Журналистертің материал дайындау барысында оған мемлекеттік орган қандай да бір нұсқау бере алмайды, шектеу қоя алмайды.

Швецияның Журналистер одағында презентация

Швецияға стади-тур қазақстандық судьялар мен журналистердің бірлескен үлкен жұмысының бастамасы болып отыр. Жоғарғы сотқа медиамен өзара әрекеттесуді жақсартудың нақты жоспары ұсынылады, ал журналистер университеттерге барып, бірнеше дәріс оқиды. Олар журфак студенттеріне сот журналистикасы, оның ережелері мен ерекшеліктерін айтып береді.

Стади-тур Литваның журналистер одағымен ынтымақтастық аясында және АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржылай қолдауымен Internews жүзеге асырып отырған Орталық Азиядағы MediaCAMP бағдарламасы шеңберінде өткізілді.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи