ОқиғаларЖурналистер мен судьялардың Швецияға стади-туры басталды

Журналистер мен судьялардың Швецияға стади-туры басталды

2019 жылдың 8-11 қыркүйек күндері аралығында қазақстандық судьялар, баспасөз-хатшылары және журналистерден құралған делегацияның Швецияға стади-туры өтеді. Мақсаты – Швецияда сот органдары мен БАҚ-тың өзара қарым-қатынасы қалай жүретінін, қоғам сенімін нығайту үшін қандай амал-тәсілдерді қолданатынын, сот өндірісінің ашықтығы қалай қамтамасыз етілетінін және ақпаратқа қол жеткізу қалай жүзеге асатынын түсіну.

Стади-тур шеңберінде Швецияның мемлекеттік органдарында кәсіби кездесулер, журналистік ұйым өкілдерімен талқылаулар, Ұлттық қоғамдық телевизиясына бару қарастырылған.

Швецияда медиа мәселесімен Мәдениет министрлігі айналысады. Ал сот процессін және құқыққорғау органдарының қызметін қоғамдық телевидение жариялайды. Жекеменшік медиалар ойын-сауық мазмұндас контент таратады. Мұның барлығы қалай реттеледі, қандай қолдау көрсетіледі? Міне, Мәдениет министрлігінде осы сауалдар төңірегінде әңгіме өрбиді.

Швецияның баспасөз-консулы және баспасөз-омбудсменінің кеңсесінде өтетін кездесуде журналистік этика мәселелері талқыланады. Ақпарат таратқанда, әсіресе құқыққа қатысты материал жариялағанда этика нормаларын және ережелерін сақтау мәселесі журналистерді де, судьяларды да, прокурорларды да, полицейлерді және басқа да құқық қорғау құрылымдарының өкілдерін толғандырады. Таразының бір жағында пікір білдіру еркіндігі, ақпарат тарату құқы тұрса, екінші жағына дау-дамай жағдайындағы не сотқа тартылған адамдардың құқығын қорғау шығады.

Қатысушылар Стокгольмдегі Solna сотында Швецияның сот жүйесі қалай жұмыс істейтінін, судьялар қоғаммен қалай байланыс жасайтынын, журналистер сот қызметіне қатысты ақпаратты қалай алатынын көріп-біледі. Швецияның журналистер одағы өкілдерімен кездесуде журналистердің сөз бостандығы және ақпарат тарату құқы сақталуына жергілікті заңнаманың қалай көмектесетіні туралы әңгімелеседі.

Қазақстандық делегация құрамында Tengrinews.kz ақпарат порталының журналисі Асель Сатаева, «Отырар TV» телеарнасының жаңалықтар редакторы Динара Бекболаева, «Ақжайық» газетінің журналисі Нұргүл Хайруллина, ИнформБюро.kz ақпарат порталының журналисі Серікжан Мәулетбай, ҚР Жоғарғы сотының судьясы Елена Максюта, Ақмола облыстық сотының баспасөз-хатшысы Күләш Домалақова, Нұр-Сұлтан қалалық тергеу сотының судьясы Нариман Бекназаров, ҚР Жоғарғы сотының баспасөз-қызметі жетекшісі Айдос Сәдуақасов бар.

Стади-тур Литваның журналистер одағымен ынтымақтастық аясында және АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржылай қолдауымен Internews жүзеге асырып отырған Орталық Азиядағы MediaCAMP бағдарламасы шеңберінде өтеді.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи