ОқиғаларҚазақстанда 10 медиажоба Internews қолдауымен контент жасайды

Қазақстанда 10 медиажоба Internews қолдауымен контент жасайды

Контент өндірісіне идеялар байқауының жеңімпаздары анықталды. 10 медиажоба Internews қолдауына ие болды.

  1. Дмитрий Дубовицкий, «Қазақстан қалаларымен» («По городам Казахстана») жобасы;
  2. Айнур Коскина, «Qos life» жобасы;
  3. Катерина Суворова, «Бір жылдың хроникасы» («Хроники одного года») деректі фильмі
  4. Әйгерім Бегімбет, «Түркістан облысы ауылдарының тыныс-тіршілігі» жобасы;
  5. Дина Ни, ЛИВЕНЬ. Living Asia, «Түтіннің анимациялық оқиғасы» («Анимационная история “смогликов”») жобасы;
  6. Асем Джапишева, «Заманауи қазақша» («Модный казахский») жобасы
  7. Аршат Оразов, Бэлла Орынбетова, «Жастардың жыныстық сауаттылығы туралы медиаматериалдар» жобасы
  8. Илья Бароховский, «Ақпарат көздері» («Источники информации») жобасы
  9. Жаслан Сулейменов, «Қолжетімді Қазақстан» («Доступный Казахстан») жобасы
  10. Салтанат Мурзалинова-Яковлева, «Отбасылық инклюзия» («Семейная инклюзия») жобасы

Контент өндірісіне идеялар байқауы 2019 жылдың қаңтарында жарияланды. Internews ұйымының Қазақстандағы өкілдігіне барлығы 268 медиажобаның идеясы, яғни рекордты көрсеткіште өтінім келіп түсті. Соның арасынан 33 өтінім екінші турға өтті. Питчинг (жобаларды таныстыру) болып, өтінімдерін әділқазылардың рекомендациясына сәйкес жетілдірді. Енді 10 жоба Internews тарапынан қаржылай және тағы басқалай көмектер алады.

Продакшн гранттарды бөлу бойынша жоба Халықаралық даму жөніндегі АҚШ агенттігінің (USAID) қолдауымен MediaCAMP Орталық Азиялық медиабағдарламасы шеңберінде өткізіледі.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи