БайқауларАшық деректер негізіндегі медиажобаларға байқау жарияланды

Ашық деректер негізіндегі медиажобаларға байқау жарияланды

Internews ұйымы MediaCAMP бағдарламасы шеңберінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қатысуымен ашық деректер негізінде медиажобалар дайындауға байқау жариялайды. Байқауға БАҚ, ҮЕҰ не ынталы топтар қатыса алады.

Байқау кімдерге арналған?

Бұл байқау Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстанның ашық деректер негізінде медиажобалар жасағысы келетін БАҚ, ҮЕҰ және ынталы топтарына арналады. Деректер – заманауи журналистиканың отыны саналады. Ашық деректердің көптігі, оны алу, өңдеу, бейімдеу, көрнекі ету және қызық та түсінікті медиажобаға айналдыру кез келген БАҚ не ҮЕҰ үшін әрі сынақ әрі жаңа мүмкіндік.

Байқауға медиажобасының идеясын Internews ұйымының келешектегі қаржылай қолдауымен жүзеге асыруға мүдделі редакция, ҮЕҰ не ынталы топтардың қатысуын күтеміз.

Байқауға қатысу үшін не қажет?

  1. БАҚ-тың бас редакторы не құрылтайшысы, ҮЕҰ жетекшісі атынан ашық деректер негізіндегі медиажобаны келешекте жүзеге асыруға мүдделі екені жөніндегі хат. Егер өтінім ынталы топтың атынан берілсе, онда да БАҚ редакциясы не интернет-ресурс құрылтайшысының медиажобаны жариялауға келісім-хатын көрсету міндетті.
  2. Онлайн-өтінімді толтыру.

Өтінім қанша уақыт қаралады?

Өтінімдер 2019 жылдың 25 сәуірі Астана уақытымен сағат 18:00-ге дейін қабылданады. Іріктеу комиссиясы келіп түскен өтінімдерді қарап, қабылданған шешімі жөнінде 2019 жылдың 30 сәуірінен кешіктірмей хабардар етеді.

Өтінімдер қандай критерийлері бойынша іріктеледі?

Барлық өтінімлер мұқият қаралып, мына критерийлері негізінді іріктеледі: ерекше әрі креатив идея, міндетті түрде ашық деректерді қолдану, деректерді көрнекі ету және бейімдей білуі түсінігі, медиажоба қалай монетизацияға шығатыны.

Содан кейін не болады?

Өтінімдер іріктелген соң медиажобаны жасайтын командаларды 2019 жылы мамырдың соңында Қазақстан астанасына Innovation (and Motivation) Lab шеңберінде оқуға шақырады. Үздік медиажобалар грант түрінде қаржы алады.

Барлық сұрақ бойынша kz-info@internews.org электронды поштасына хат жазыңыз. Келіп түскен сұрақтар жауабымен қоса Internews.kz және newreporter.org сайттарының хабарландыру бетінде комментарий түрінде сәтімен жарияланады.

Жоба АҚШ Халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) қолдауымен MediaCAMP Орталық Азияға арналған бағдарламасы шеңберінде, сондай-ақ ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қатысуымен жүзеге асады. Бағдарлама туралы толығырақ білгіңіз келсе, мына сілтемеге өтіңіз. Қазақстандағы Internews ұйымы туралы толығырақ мұнда жазулы.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи