БайқауларҚазақстанның экологиялық мәселелері тақырыбында Инклюзив контент-лабораториясын өткізуге байқау

Қазақстанның экологиялық мәселелері тақырыбында Инклюзив контент-лабораториясын өткізуге байқау

Internews халықаралық ұйымы Орталық Азиядағы CAMP бағдарламасы шеңберінде Қазақстан экологиясының мәселелері тақырыбында Инклюзивті контент-лаборатория өткізуге байқау жариялайды.

Егер сіз экологиялық мәселелер турасында барлығын білсеңіз, командаңызда сарапшылар бар және ең бастысы – адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға ынта-ықыласыңыз зор болса, онда сіздің инновациялық іс-шара өткізуіңізді қолдауға дайынбыз.

Контент-лаборатория дегеніміз не?

Бұл медиа, қоғамдық бірлестік өкілдері, азаматтық белсенділер және пікіріне жұрт еретін көшбасшылар Қазақстандағы экологиялық мәселелерді қоғамда өзекті ететін медиакампания жобасын әзірлейтін кеңістік.

Контент-лаборатория ұйымдастырушысының міндеттері:

Үшкүндік лабораторияның бағдарламасын және әдістемесін әзірлеу;
Командағы менторларды, тренерлерді шақыру және іріктеу;
Жария хабарландыру арқылы Қазақстанның барлық қалаларынан 25 қатысушы жинау;
Контент-лаборатория өткізу, сондай-ақ қатысушылардың жобаларына байқау ұйымдастыру;

Лабораторияның финалистеріне жобаларын жүзеге асыруға грант түрінде қолдау көрсетіледі.

Әлеуеттік өтінім беруші аталған саладағы жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем емес, штатында операциялық қызметтерді атқаратын қызметкерлері бар, қазақстандық коммерциялық емес ұйым болады.

Гранттың жалпы бюджеті: 15 000 АҚШ долларына дейін теңгелей беріледі. Лаборатория 2019 жылдың 11-13 маусымында Алматыда өткізілуі тиіс.

Өтінімді қалай жібереді?

Мына онлайн-өтінімді 2019 жылдың 15 сәуіріне дейін толтырыңыз.

Internews өтінімдерді қарайды және 2019 жылы 20 сәуірден кешіктірмей шешім қабылдайды. Қабылданған шешім туралы барлық өтінім берушілерді 2019 жылы 10 сәуірден кешіктірмей электронды пошта арқылы хабардар етеді.

Өтінімдер рецензияланбайды және кері қайтарылмайды. Internews қазылар алқасының шешіміне қатысты пікір білдірмейді және қандай да бір жобаны қабылдаудан баст тарту не қолдау себебін түсіндірмейді.

Барлық сұрақтар бойынша kz-info@internews.org электрондық поштасына жазыңыз. Келіп түскен сұрақтардың жауабы Internews.kz және newreporter.org сайттарының хабарландыру бетінде комментарий түрінде жарияланады.

Бұл жоба Халықаралық даму жөніндегі АҚШ агенттігінің (USAID) қолдауымен Орталық Азиядағы CAMP медиабағдарламасы шеңберінде жүргізіледі. Бағдарлама туралы толығырақ осында, ал Қазақстандағы Internews ұйымы туралы мұнда жазылған.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи