БайқауларInternews медиа және цифрлы сауаттылыққа арналған гранттар байқауын жариялайды

Internews медиа және цифрлы сауаттылыққа арналған гранттар байқауын жариялайды

Дамыған медиаорта шынайы ақпаратты жалғаннан ажыратуға, мазмұнын сын тұрғысынан бағалауға, заманауи цифрлы технологияларды пайдалануға қабілетті аудиториясыз өмір сүре алмайды.

Қазіргі заманғы медиасауаттылық сонымен қатар креативті контент, инновациялық дизайн жасау дағдыларын және басқа авторлармен белсенді ынтымақтастықты қамтиды — бұл толыққанды цифрлы азаматтыққа және барлық мәселелерді цифрлы технологиялар көмегімен шеше білуге жол болып табылады. Медиасауаттылықты дамыту — MediaCAMP бағдарламасының басымдықтарының бірі.

Біз медиалық, коммерциялық емес және оқыту ұйымдарын, IT-компанияларды, сондай-ақ білім алуға мүмкіндігі шектеулі жастармен және әлеуметтік топтармен жұмыс істейтін қауымдастықтарды Internews байқауына келесі санаттар бойынша қатысуға шақырамыз:

1. Медиа және цифрлы сауаттылықты оқыту үшін құралдар жасау:а) компьютерлік ойындар, интерактив тесттер, квесттер, чат-боттар, мобиль қосымшалар және балалар мен ересектерге арналған басқа да креативті ресурстар;
б) медиасауаттылық бойынша шетелдік онлайн-ойындарды қазақ және орыс тілдеріне бейімдеу.

2. Тұрғындардың түрлі топтары үшін медиа және цифрлы сауаттылық бойынша тренерлер үшін тренинг өткізу. Ұйым осындай тренингтерді өткізуде құзыреттілікке ие болуға және кейіннен бағдарлама түлектерінің практикалық жұмысын үйлестіруге, оларға әдістемелік және консультациялық көмек көрсетуге тиіс. Жобаны сәтті іске асыру кезінде серіктестер жаңа білім беру жобаларын іске асыру үшін Internews-дан одан әрі қаржылық қолдауға сене алады.

3. 2019-2020 оқу жылының күзгі семестрінен бастап Қазақстанның жоғары оқу орындарында медиа және цифрлы сауаттылық бойынша пилоттық курсты енгізу бойынша оқытушылар үшін әдістемелік семинарлар өткізу; курс бағдарламасын Internews әзірледі және оқу жоспарларында пайдалану үшін ұсынылады.

4. Бұқаралық кампанияларды, тұсаукесерлерді, медиасауаттылық бойынша жазғы лагерьлер мен фестивальдарда шебер-сабақтар ұйымдастыру, жоғары оқу орындарында, орта оқу орындарында, мектептерде және олардың кітапханаларында медиабұрыштар құру, медиа және цифрлік сауаттылықты дамытуға бағытталған байқаулар мен кез келген бұқаралық іс-шаралар өткізу.

Өтінім беруші іске асыру үшін бір немесе бірнеше міндеттерді таңдай алады. Сондай-ақ басқа ұйымдармен серіктестік және бірлесіп қаржыландыру жөніндегі өтінімдер құпталады.

Өтінішті қалай береді?
Онлайн өтінішті 2019 жылдың 28 ақпаны Астана уақытымен 00:00 сағатқа дейін толтыруыңызды өтінеміз. Internews өтініштерді қарайды және 2019 жылғы 5 наурыздан кешіктірмей шешім қабылдайды.

Қабылданған шешім туралы барлық іріктелген өтінім берушілерге 2019 жылғы 10 наурыздан кешіктірмей электрондық пошта арқылы хабарланады. Шешім қабылданғанға дейін авторлармен онлайн-талқылау жүргізілуі мүмкін.

Барлық сұрақтар бойынша +7 (727) 355 95 85 телефон арқылы немесе kz-info@internews.org электронды поштасына хабарласыңыз.

Бұл жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен  Орталық Азиядағы MediaCAMP бағдарламасы аясында іске аспақ.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи