«Діни сенім бостандығы жайлы ақпарат тарату мен ілгерілетуді қолдау» (SCARF) жобасы аясында кәсіби тренерлер қауымдастығын қалыптастыру үшін тренерлерге арналған тренинг (ТоТ) шарасына қатысуға өтініш қабылдау басталды. Тренинг түлектері діни сенім бостандығы мен діни әралуандылық тақырыбында журналистер, блогерлер, қоғам белсенділері, мамандарға контент әзірлеу бойынша тренингтер ұйымдастыра алады.
Тренингке кім қатыса алады?
Медиатренерлер, медиасарапшылар, журналистер, блогерлер, азаматтық белсенділер, редакторлар немесе болашақта тренер болуға қызығушылық танытқан Қазақстан азаматтары қатыса алады. Бұған дейін тренинг ұйымдастыру тәжірибесінің болғаны жақсы, бірақ іріктеу кезінде шешуші рөл атқармайды. Сезімтал тақырыптарда бұған дейін контент жасаған және заманауи форматта контент әзірлеген немесе осындай жұмысқа қызығушылығының болуына баса мән беріледі.
ТоТ қатысушылары не үйренеді?
- Діни сенім бостандығы және әралуан сенім тақырыбында контент жасауда сезімтал тақырыптың тәуекелін бағалай білу бағытын ұстану;
- Андрогогика тәсіліне (ересектерді оқыту) сүйенетін бағытта әрі тренинг қатысушысы мен нәтижесіне бағытталатын тренинг әдістемесін әзірлеу;
- Сенім және діни әралуандық мәселесіндегі елде жағдай;
- Қазақстандағы сенім және діни әралуандық мәселесіндегі құқықтық мәселелер;
- Сторителинг, контент өндіру кезеңдері және оқиға құру дағдылары;
- Сезімтал тақырыптағы оқиғаларды хабарлаудағы этикалық шешімдер;
- Цифрлы қауіпсіздіктің алғышарттары;
- Ересек аудиторияны онлайн оқытуда да интерактив тәсілдерді қолдану.
ТоТ қатысушыларынан не күтеміз?
ТоТ шарасына қатысқан түлектер бір айдан кейін контент өндірушілер үшін тренинг модульдерін әзірлеуі керек болады. Әзірленген модульдердің ішінен ең үздік үшеуі іріктеп алынады. Модуль авторлары мен Internews кеңесшілері жеңміпаз модуль негізінде контент әзірлеушілері және журналистерді оқытуға арналған бағдарлама әзірлейді. Ең үздік бағдарлама авторлары сенім бостандығы жайлы контент өндіруге арналған тренингтің негізгі тренерлері атанады.
ТоТ форматы
Тренерлерге арналған тренинг екі түрлі форматта, 10 күн өтеді: бірінші бөлігі — офлайн (20-24 қаңтар, 2023 жыл, Алматы), екінші бөлігі онлайн (6-11 ақпан, 2023 жыл) өтеді. Internews офлайн өтетін шараның шығынын (жол, орын, тамақ) көтереді.
Тренинг екі тілде өтеді: қазақша, орысша (синхронды аударма болады)
ТоТ шарасына қалай өтініш беруге болады?
Байқауға қатысу үшін төмендегі құжаттарды тапсыру керек:
- Толтырылған онлайн өтініш
- Уәждеме хат (максимум бір бет) (zakhmatova@internews.org поштасына жібересіз) Өтінішіңіз тізімнен көріну үшін міндетті түрде хаттың тақырыбын “ТоТ шарасына өтініш” деп көрсетіңіз
- Түйіндеме (CV) (zakhmatova@internews.org поштасына жібересіз)
Уәждеме хатта өтініш беруші неліктен осы тренингке қатысқысы келетінін, діни сенім бостандығы тақырыбына қатысты ойын және осы салаға сай тәжірибесі мен қабілеттері туралы жазу керек.
Жоба жайлы:
SCARF жобасы медиасарапшылар пулын оқыту мен қолдау арқылы жергілікті медиамамандардың жоғары сапалы контент жасау әлеуетін арттыруға көмектеседі. Контент-мейкерлер, журналистер мен редакторларға діни сенім бостандығына байланысты сезімтал тақырыптар бойынша ақпарат таратуды үйрететін тренингтер өткізеді. Жоба аясында медианың иклюзив контент жасауына және осы тақырып бойынша сезімтал мәселелерді түсінуіне көмектесу үшін діни бірлестік өкілдерімен, сарапшылармен өзара іс-қимыл қарастырылған.
Өтініштер 2023 жылғы 10 қаңтар, сағат 18:00-ге дейін (Астана уақыты) қабылданады.
Қосымша сұрақтар болса, zakhmatova@internews.org поштасына жазсаңыздар болады.