Достар, сүйінші жаңалығымыз бар! Биыл Орталық Азияның MediaCAMP фестивалі офлайн өтеді. Алдағы жоспарыңызға енгізіп қойсаңыз екен: 8-10 қазан күндері Алматыда MediaCAMP Fest өтеді. Әдеттегідей, журналистер мен медиасарапшыларға арналған шеберлік сабақтары және талқылау болады. Нетуоркинг жасауға да таптырмас орта.
Биылғы MediaCAMP Fest неге арналады?
Биыл журналистиканың дағдарыс кезінде қоғам сұранысына жауап бере алуы, пропаганданы азайтуға септесу мен әлемде бейбітшілік орнатуға қалай көмектесетініне баса назар аударамыз.
Сондай-ақ, жарнамадан түсетін кіріс күрт төмендеген кезде монетизация жасау мен медианы біріктіру жолдарын талқылаймыз. Бұған қоса мультимедиа журналистикасы, медиа заңнамасы және медиасауат бойынша маңызды шеберлік сабақтарын өткіземіз.
Әйтсе де биылғы фестивальдің негізгі міндеті – журналистерді қолдау. Өйткені БАҚ қоғам үшін өте маңызды екеніне және ақпараттық соғыстың жойқын әсерін азайта алатынына сенеміз. Міне, сондықтан да медиасарапшылар мен гуманитарияның басқа салаларында қызмет ететін әріптестеріміздің шабыттандырар сөзі MediaCAMP Fest бағдарламасының маңызды бөліміне айналмақ. Олардың айтары болашаққа нық сеніммен қарауға жетелейді.
Фестивальге қалай қатысады?
Фестиваль сайтында тіркелу басталды. MediaCAMP Fest есігі бәріңізге айқара ашық! Қатысу тегін, бірақ спикерлер мен MediaCAMP Award финалистерінің ғана жол және жатын орын шығынын өтей аламыз.
Фестивальдің онлайн трансляциясын Mediafest.asia сайтынан, Facebook-парақшамыз бен YouTube-арнамыздан көруге болады.
Facebook | Қазақстандағы Internews өкілдігі,
Youtube | Қазақстандағы Internews өкілдігі
MediaCAMP Fest дегеніміз не?
MediaCAMP Fest дегеніміз – медиадағы жетістігіміз бен проблемамызды талдап, тәжірибемізді бөлісіп, болашақ дамуымызды талқылайтын арқа-жарқа кездесу. Internews ұйымы MediaCAMP фестивалін 2019 жылдан бері өткізіп келеді. MediaCAMP Fest сайтынан бұған дейінгі фестивальдердің бағдарламасы мен ашық сессиялардың видеожазбасын көруге болады.
MediaCAMP Award
Фестивальдегі басты оқиғаның бірі – MediaCAMP Award журналистика байқауының финалы. Бұл байқауды төртінші жыл қатарынан өткізіп жатырмыз. Өтініш қабылдау шілдеде аяқталды.
Осы байқаудағы «Уақыт көрінісі» номинациясының үздік фото, иллюстрация және/немесе инфографикасын аудитория таңдайды. Биыл ашық дауыс беруге 42 сурет қойылды. Фестиваль сайтында дауыс беру жүріп жатыр. Кез келген адам бір IP-адрестен әрбір фото не суретке бір-ақ рет дауыс бере алады.
2022 жылғы 30 қыркүйекке дейін ең көп дауыс жинаған сурет «үздік» деп танылып, авторы жеңімпаз атанады. Дауыс есептегіш көрсеткішін 10 қазанда ашамыз, оған дейін жасырулы болады. Сол күні осы номинация жеңімпазының аты-жөнін жариялап, марапаттайды.
Биылғы тағы бір жағымды өзгеріс — бұл номинацияда бас жеңімпаздан бөлек жүлдегерлер де болып қалады. Өйткені байқаудың аймақтық кезеңіне төрелік ететін кәсіби қазылар алқасы «Уақыт көрінісі: фотосурет, карикатура, иллюстрация» номинациясына ұсынылған материалдарды да қарап, арнайы сыйлық тағайындауы мүмкін.
Фестивальде жүздескенше!
Бұл іс-шара америка халқының АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы көрсеткен қолдауына мүмкін болды және USAID қаржылай қолдауымен Internews жүзеге асыратын Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында өтіп жатыр. Internews мазмұнына жауапты және мазмұны USAID не АҚШ үкіметінің көзқарасына сай келмеуі мүмкін.