Қазақстандағы Internews өкілдігі II Орталық Азия елдері арасында журналистика бойынша өтетін MediaCAMP Award байқауына өтініш қабылдау басталғанын хабарлайды.
Байқауға Қазақстандағы медиада 2019 жылдың 1 шілдесі мен 2020 жылдың 31 мамыр аралығында жарияланған кез келген формат пен жанрдағы (бір ескерту: деректі фильмнің уақыты 40 минуттан аспау керек) материалдар қабылданады.
Байқау «MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы» аясында өтеді.
Байқау мақсаты – қоғамдық маңызы бар оқиғалар мен құбылыстарды көтеріп, жазып жүрген Орталық Азиядағы дарынды журналистер мен тәуелсіз контент жасаушыларды ынталандыру. Байқау аймақтағы медиа саланы дамытуға ат салысып, қоғам өкілдерінің сапалы ақпаратқа қол жеткізуіне септігін тигізеді.
Байқауға Қазақстанда, Қырғызстанда, Тәжікстанда, Түркіменстанда және Өзбекстанда тіркелген БАҚ-та немесе медиа саласында тұрақты қызмет етіп жүрген немесе азаматтық келісім шарт түрінде жұмыс істейтін кез келген журналист, контент жасаушы қатыса алады. Байқауға шетелдік қаржы көзі бар ұйымдар немесе мемлекет аумағынан тыс жерде тіркелген БАҚ қатыса алмайды.
Байқауға өтінімді материал авторы немесе байқауға қатысушы редакция бере алады. Материалдар әр мемлекеттің өз тілінде (қазақша, қырғызша, тәжікше, түркіменше, өзбекше) және орыс тілдерінде қабылданады. Қазақстанда қазақ және орыс тілдеріндегі материалдар қабылданады. Толығырақ ақпаратты «MediaCAMP AWARD» байқауының ережесі парағынан табуға болады.
Байқауға қатысу үшін:
- Өтінішті толтыру керек
- Келісім хатты тіркеу қажет (Медиа ұйымға арналған форма, Жеке тұлғаларға арналған форма).
Материалды тапсырудың соңғы күні: 15 шілде 2020 жыл, сағат 23:59.
UPD: Коронавирус жағдайына байланысты ықтимал қатысушылардың өтініші бойынша байқауға құжат қабылдау мерзімін 31 шілдеге дейін ұзартамыз.
Қазылар алқасы төмендегі аталымдарды бағалайды:
- «Билік және қоғам»
- «Шекарасы жоқ ұрпақ – Мүмкіндіктер уақыты»
- «Жәрдемдесер уақыт»
- «Ерлер ел ішінде»
- «Объектив» (фото байқау).
Сонымен қатар қазылар шешіміне байланысты арнайы сыйлықтар да қарастырылған. Мына сілтеме арқылы номинациялар жайлы және 2019 жылғы байқауда жеңіске жеткен материалдармен таныса аласыздар.
Алдымен Internews жасақтаған ұлттық іріктеу комитеті әр елдегі ең үздік материалдарды анықтайды. Содан кейін арнайы шақырылыған аймақтық әділ қазылар финалға өткен жұмыстардың ішінен жеңімпаздарды таңдайды. Марапаттау кеші осы жылы онлайн болатын ІІ Орталық Азия медиафестивалі аясында 2020 жылдың қыркүйегінде телемост форматында өтеді.
Егер қосымша сұрақтар болса, өкілдіктің kz-info@internews.org, не Қазақстандағы Internews өкілдігінің жергілікті медиаконсультанты Асхат Еркімбайдың ayerkimbay@internews.org, не Internews медиасарапшысы Марина Михтаеваның mmikhtayeva@internews.org эл.поштасына жазсаңыз болады.
Хат тақырыбына «MediaCAMP Award» деп көрсетуді өтінеміз. Жиі қойылатын сұрақтар Internews.kz және Newreporter.org сайттарында, әлеуметтік желідегі парақшаларымызда жарияланады.
Жоба АҚШ халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Қазақстандағы Internews өкілдігінің «MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы» аясында жүзеге асады.