Internews Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында халықаралық оқу сапарын (стади-тур) ұйымдастыруға тендер жариялады.2019 жылғы 6 ақпанға дейін өтініш қабылданады.
Орталық Азия медиасаласы заңнама мен іс-тәжірибе тұрғыдан көптеген өзгеріске ұшырап жатыр. Біз сот органдары өкілдерінің ақпараттық өзара іс-қимыл саласында халықаралық тәжірибелерді үйренуде жәрдемдесуге дайынбыз. Осылайша елімізге ең озық тәжірибелер мен әдіс-тәсілдерді әкелеміз, ал біздің медиа – ең озық мүмкіндіктерге және технологияларды пайдаланады.
Біз ақпараттық өзара іс-қимылды кеңейту мақсатында Қазақстан мен Тәжікстанның сот органдары, ҮЕҰ және БАҚ өкілдерінің Шығыс Еуропа және Балтық маңы елдеріне стади-тур ұйымдастыруын және өткізуін қолдаймыз.
Стади-турдың міндеттері:
- Соттар мен БАҚ-тың өзара тиімді әрекеттестігін және заңнамаларын зерделеу, сот өндірісінің жария етілуін қамтамасыз ету;
- Сот жүйесінің қызметін БАҚ-та насихаттау дағдыларын жетілдіру үшін журналистердің кәсіби қауымдастығы және соттар арасында тәжірибе алмасу;
- Журналист қызметіне этикалық стандарттарды жасау және оны енгізудің, ақпараттық даулар мен кикілжіңдерді соттан тыс қарау бойынша озық тәжірибелерді үйрену;
- Шығыс Еуропа, Балтық маңы елдерінде, Тәжікстан немесе Қазақстанда жұмыс істейтін коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарды тендерге қатысуға шақырамыз.
Мына өтініш берушілер басымдыққа ие болады:
- оқыту іс-шараларын, сондай-ақ стади-турларды сәтті ұйымдастыру тәжірибесі бар;
- Шығыс Еуропа мен Балтық елдерінің сот органдары және кәсіби медиақауымдастықтарымен өзара іс-қимыл жасау, жұмыс істеу тәжірибесін растайтын хат пен рекомендациялар.
Техникалық тапсырма
Қазақстан және Тәжікстанның делегацияларына Шығыс Еуропа не Балтық маңы елдерінде сот өндірісіндегі жариялық, сот өндірісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану, БАҚ және сот органдарының өзара әрекеттестігін кеңейту, соттардың баспасөз қызметінің жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша стади-тур ұйымдастыру.
МАМЫР 2019: Екі мемлекеттің сот жүйесінің, мемлекеттік мекеменің баспасөз қызметінің, медиа және ҮЕҰ-ының өкілдерінен стади-турдың 16 қатысушысын іріктеу.
СӘУІР-МАУСЫМ 2019: Стади-тур ұйымдастыру, соның аясында мынадай кездесулер және тәжірибе алмасулар өткізу:
– Жоғарғы және жергілікті соттарды, Әділет министрлігінде, медиамен, заңгерлермен және адвокаттармен өзара әрекеттесетін басқа да ұйымдастырда және мекемелерде;
– Әр елдің заңнамасын және болашақ журналистерін дайындаудағы білім жүйесін зерделеу үшін журналистика факультеттерінде;
– Ақпарат беру бойынша коммисарларымен, консультантарымен және уәкілетті өкілдерімен, сондай-ақ кәсіби медиақауымдастықтарымен және ұйымдарымен.
ШІЛДЕ 2019: Стади-тур туралы бағдарламалық және қаржылық есепті тапсыру.
Өтінішті қалай береді?
Жобалық өтінім мен жобаның бюджеті көрсетілетін форманы сілтемеге өтіп, көріңіз.
Жобалық өтінім және бюджетті 2019 жылдың 6 ақпаны Астана уақытымен сағат 24:00-ге дейін kz-info@internews.org эл.поштасына жолдаңыз.
Internews 2019 жылыдң 11 ақпанынан кешіктірмей өтінімді қарап, шешім қабылдайды. Жеңімпаздарға 2019 жылдың 12 ақпанынан кешіктірілмей эл.пошта арқылы хабар беріледі.
Қажет болған қосымша ақпарат сұратамыз. Өтінімдер рецензияланбайды және кері қайтарылмайды.
Барлық сұрақтар жөнінде +7 (727) 355 95 85 телефон нөміріне хабарласыңыз не kz-info@internews.org эл.поштасына хат жазыңыз.
Жоба АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) қолдауымен MediaCAMP Орталықазиялық бағдарламасы аясында жүзеге асады. MediaCAMP Орталықазиялық бағдарламасы туралы мына сілтемеден оқыңыз.